31/05/2024
Жұбанов университетінің спортшылары Тоғызқұмалақтан өткен чемпионатта жеңімпаз атанды

Ақтау қаласында Тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында классика және блиц түрінен Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа 180-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша классика түрінен Ақтөбе облысының ерлер командасы бірінші орынды иеленді. Команда құрамында Жұбанов университетінің «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Азамат Қайдаров және «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенттері Диас Жанбау мен Алмас Тілегенов жеңімпаз атанды. Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Ары қарай оқу
08/12/2023
Мұғалімдер «АМАНАТ» партиясының жаңа саяси тұғырнамасының жобасын талқылады

«АМАНАТ» партиясы қалалық филиалы «Құрмет» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: «АМАНАТ» партиясының жаңа саяси тұғырнамасының жобасын талқылау, қалалық партия конференциясына қатысу үшін Құрмет бастауыш партия ұйымынан делегаттарды сайлау. «Құрмет» БПҰ құрамына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушыларынан 640 партия мүшесі кіреді. Жаңа саяси тұғырнама жобасын талқылау барысында Қ.Жұбанов атындағы АРУ ректорының көмекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сабыржан Мұхтаров қатысушылардың назарын …

Ары қарай оқу
08/12/2023
Ақтөбеде баспанасыз қалған студенттер жатақханаға орналастырылды

Ақтөбеге ресейліктердің жаппай ағылуы аясында еліміздің басқа өңірлеріндегі сияқты жалға берілетін тұрғын үй бағасы да айтарлықтай өсті. Салдарынан ондаған студент жалдамалы пәтерлерінен кетуге мәжбүр болды. Қиын жағдайға тап болған жастарға жергілікті жоғары оқу орындарының бірінде көмек көрсетілді. Оларға жатақханадан орын берілді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. 4 курс студенті Малика Штаконова Атыраудан. Ол болашақ дефектолог. Екі қызбен бірге облыс орталығының шетінен екі бөлмелі пәтер жалдап тұрдым. Алайда бірнеше күн бұрын …

Ары қарай оқу
08/12/2023
Республика күніне орай эссе жазу байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Республика күніне орай эссе байқауын бастады. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Республика күніне орай «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауын бастады. Байқау 2022 жылдың 15 қазанына дейін жалғасады және екі кезеңде өтеді және жастардың азаматтық санасын дамытуға, ел тағдырына араласу, оның болашағына жауапкершілік сезімін оятуға бағытталған. Конкурсқа қатысуға студенттер, магистранттар және жастар қоғамдық ұйымдары шақырылады. Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағына деген …

Ары қарай оқу