12/05/2026
Ақтөбедегі Heriot-Watt University кампусы студенттерге арналған оқу орындарының санын арттыруды жоспарлап отыр

Халықаралық білім алу мүмкіндігін кеңейтуге 2025 жылдың тамыз айында құрылысы басталған жаңа оқу-зертханалық корпус жол ашады. Облыс әкімі Асхат Шахаров құрылыс алаңына барып, жобаның жүзеге асырылу барысын тексерді. Нысан құрылысын «Номад Құрылыс Компаниясы» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда жұмыстардың шамамен 45%-ы орындалған. Жоба Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық серіктестік аясында жүзеге асырылып, өңірде халықаралық білім беру орталығын дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта 2023 жылы Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университет базасында ашылған Ақтөбедегі …

Ары қарай оқу
06/04/2026
Лаура ҚАРАБАСОВА: «Жұбанов» деген тартымды брендті республика деңгейінде қалыптастырдық

«Елімізде зерттеу университеттері көбеюде, олардың нақты өндіріспен байланысы нығайып жатыр. Үкіметтің мәліметі бойынша, қазір 200-ден аса коммерциялық жоба қолға алынды. Осылайша «Университет – зерттеу – инновация – коммерция» экожүйесі біртіндеп пайда болып жатыр. Ғылым қалашықтары салынып, технология парктері және инжиниринг орталықтарының құрылысы басталды. Бір сөзбен айтқанда, ғылым саласында көп жыл бойы болмаған оң үрдістер байқалып жатыр. Бұл өте маңызды жұмысқа сіздер де белсене атсалысып жүрсіздер». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әл-Фараби …

Ары қарай оқу
27/02/2026
Ақтөбе облысының студент жастары жаңа Конституция жобасын талқылауға белсенді атсалысты

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті алаңында жаңа Конституция жобасын талқылау және оның негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.  Университеттің жоғары курс студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен Ерлан Қарин кездесті. Іс-шара барысында Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасын әзірлеу үдерісі мен оның ел болашағы үшін маңызы туралы жан-жақты баяндады.  Өз сөзінде ол Қазақстанның тағылымды тарихы мен маңызды белестер арқылы қалыптасқан көпқырлы даму жолын атап өтті. Бүгінде мемлекет өзінің жаңа …

Ары қарай оқу
25/02/2026
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Конституциялық жаңғыру: құқықтық мемлекетке қадам» тақырыбында кездесу өтті. Оған құқықтану кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент Айнұр Нурутдинова, Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсембин қатысып, жиналғандарға Конституциялық реформаның мазмұнын түсіндірді. Кездесу барысында сарапшылар еліміздегі жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, адам құқығын қорғау тетіктерін жетілдіру, қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығы және әр азаматтың жауапкершілігі жайында сөз қозғады. Іс-шара барысында …

Ары қарай оқу
20/02/2026
Жаңа Конституция жасампаздық пен жаңашылдықты қолдайды

Студенттер сарайында «Жаңа Ата Заң және жалпыұлттық құндылықтар» тақырыбында облыс жастарының қатысуымен TEDx форматында ашық форум өтті. Форумға түрлі салада табысқа жетіп, қоғам өміріне белсенді араласып жүрген спикерлер қатысты.  Олардың қатарында облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасова, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, сондай-ақ халық қалаулылары мен студент жастар болды. Шараның басты мақсаты - конституциялық реформаның мазмұнын жан-жақты …

Ары қарай оқу
21/01/2026
ЖИ мамандарын өңірлерге арнайы шақыру ұсынылды — Құрылтай

KAZINFORM — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры, Ұлттық құрылтай мүшесі Лаура Қарабасова цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы кадр даярлау мәселесін көтерді. — Жасанды интеллект — ойлау, еңбек, білім жүйесін өзгертетін өркениеттік бетбұрыс. Жоғары оқу орындары бұл процестен қалыс қалмауы үшін мықты практик мамандар керек. Алайда еңбек нарығында университеттер бизнес-сектормен тең дәрежеде бәсекелесе алмайды. Сондықтан цифрландыру және жасанды интеллект бағытындағы білім беру бағдарламаларын қаржыландырудың тиімді тетіктерін қарастыру қажеттігі туындап отыр, …

Ары қарай оқу