04/11/2026
Жұбанов университетінің білім алушысы «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері атанды

Жұбанов университетінің білім алушысы, облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Мейрамгүл Сатаева «Үркер-2026» ұлттық сыйлығының иегері атанды. Астанада өткен Astana Media Week аясында «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша Мейрамгүл Рахатқызының «Жасанды интеллект: адамзат жаңа дәуірге аяқ басты» атты мақаласы «Жылдың үздік материалы» номинациясында үздік деп танылды. Биыл байқауға 12 номинация бойынша 600-ден астам өтінім түскен. Оның ішінде «Тұмар-2026» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары 6 номинация бойынша, …

Ары қарай оқу
30/10/2026
Мербол Құспанов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Республика күніне орай Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Мемлекеттік награда иегерлерінің қатарында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Студенттік хор ұжымының жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы Қазақ камералық хорының көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Мербол Оразбекұлы Құспанов та бар. Ол Мемлекет басшысының қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді. Мербол Құспанов кәсіби дирижер әрі ұстаз ретінде …

Ары қарай оқу
28/08/2026
Университет түлегі “Болашаққа” жолдама алды

«Қаржы» білім беру бағдарламасының 2026 жылғы түлегі  Батыржан  Сапарғали халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.  Ол The University of Edinburgh университетінің MSc Finance and Investment магистратура бағдарламасында білімін жалғастырады. Батыржанның білім жолында сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Ары қарай оқу
16/04/2026
Зияткер жастар үздіктер қатарында

11–12 сәуір күндері Алматы қаласында өткен TEO CUP XV республикалық турнирінде “Заман біздікі” интеллектуалды элиталар одағының пікірсайысшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Еліміздің әр өңірінен жиналған 100-ден астам қатысушы қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, пікірсайыс алаңында өзара бақ сынасты. Тартысты сайыс нәтижесінде Асхат Есенов альфа лигада II орынды иеленсе, Батыржан Сапарғали бетта лигада I орынға ие болды. Пікірсайысшыларымызды құттықтаймыз!

Ары қарай оқу
09/04/2026
Болашақ педагогтар жеңіс тұғырынан көрінді

ҚР жоғары оқу орындары білім алушылары арасында «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша Өскемен қаласында өткен XVII Республикалық пәндік олимпиадада университетіміздің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттері жүлделі ІІІ орынды иеленді. Білім алушыларымыз еліміздің әр өңірінен келген қатысушылармен өзара сынға түсіп, теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын, шығармашылық қабілеттері мен цифрлық сауаттылықтарын көрсете білді. Бұл жетістік – студенттердің табандылығы мен сапалы білімнің, сондай-ақ оқытушылардың кәсіби шеберлігінің айқын нәтижесі. …

Ары қарай оқу
07/04/2026
Жұбанов құрамасы – студенттік спорт лигасының Батыс аймақтық жеңімпазы

ҚР Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы спорт лигасының Батыс аймақтық кезеңінде футзалдан университет құрамасы чемпион атанды.  4-5 сәуір күндері өткен жарыстың топтық кезеңінде студенттеріміз Орал, Атырау қалаларының командаларымен кездесті.  Жартылай финалда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті командасын 5:1 есебімен жеңсе, финалда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті құрамасымен тең түсіп, пенальти сериясы нәтижесінде жеңімпаз атанды.  Құттықтаймыз!

Ары қарай оқу