20/05/2025
Жұбанов университетінің студенттері ХІІІ жазғы Универсиадада чемпион атанды

Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында өтіп жатқан XIII жазғы Универсиадада Жұбанов университетінің студенттері жүлделі орынға ие болды. Таеквондо спорт түрі бойынша кәсіби-шығармашылық факультетінің 3 курс студенті Жанель Асқарова мен 2 курс студенті Санжар Мырзахмет өз қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз студенттерді Универсиададағы жетістіктерімен құттықтаймыз!

Read more
20/05/2025
Zhubanov дебат лигасының жеңімпаздары марапатталды

Жұбанов  университетінде студенттердің зияткерлік және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған «Zhubanov дебат лигасының» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Лиганың басты мақсаты – сыни ойлай алатын, өз пікірін дәлелді түрде қорғап, қоғамдық мәселелерді ашық талқылай білетін талантты жастарды анықтап, оларды қолдау.  Бір айға созылған дебат лигасы 3 ойын күнінен және 9 турдан тұрды. Пікірсайысқа барлығы 24 фракция, 48 спикер қатысты. Ұйымдастырушылық және төрешілік құрамда университеттің 2 дебат клубы мен 4 факультеттік деңгейдегі клубтардан …

Read more
16/05/2025
Heriot-Watt university Ақтөбе кампусында ашық есік күні өтті

2025 жылғы 15 мамырда Heriot-Watt University-дің Ақтөбедегі кампусында Ашық есік күні өтті. Шараға 500-ге жуық оқушы мен олардың ата-аналары қатысты. Шара барысында оқушылар университеттің оқу бағдарламаларымен танысып, Heriot-Watt университетінің оқытушыларымен тікелей тілдесу мүмкіндігіне ие болды. Қонақтар үшін кампус ішінде арнайы экскурсия ұйымдастырылып, еркін форматта әңгімелесу өтті. Бұл оқушыларға университет ортасының атмосферасын сезінуге және білім беру үдерісі туралы нақты ақпарат алуға жол ашты. Іс-шара аясында Heriot-Watt University түлегі Алибек Мусин сөз …

Read more
16/05/2025
Жұбанов университетінде медициналық тексеру шарасы өтті

2025 жылдың 15 мамырында Жұбанов университетінде студенттер мен қызметкерлерге арналған тегін медициналық тексерулер жүргізілді. Іс-шара 2025 жылғы 12-16 мамыр аралығында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы жариялаған Репродуктивті денсаулық апталығы аясында ұйымдастырылды.  Шараның басты мақсаты – қызметкерлер мен білім алушылардың денсаулығына назар аудару, аурулардың алдын алу және денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру. Шара барысында Студенттік емхананың және "BOSS optics" оптика желісі, dr.eltaisaimanuly стоматологиясының білікті дәрігерлері тексеруден …

Read more
14/05/2025
Жұбанов университетінің студенттері ХІІІ жазғы Универсиадада тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды

Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтіп жатқан XIII жазғы Универсиадада Жұбанов университетінің ерлер құрамасы тоғызқұмалақтан командалық есепте бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, жекелей сында да университет спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Кәсіби-шығармашылық факультетінің дене шынықтыру мамандығының студенттері Диас Жанбау мен Қайрат Тұрарбек бірінші орынды, Алмас Тлегенов екінші орынды жеңіп алды. Спорттың 17 түрі бойынша ұйымдастырылған бұл ауқымды додаға еліміздің 76 жоғары оқу орнынан 4 …

Read more
14/05/2025
Ғылым мен өндіріс байланысын нығайту: бизнеске инвестиция тарту мүмкіндіктері талқыланды

2025 жылдың 13 мамыр күні Жұбанов университетінде «Бизнеске инвестиция тартудың мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны Қазақстан технологияларды коммерцияландыру орталығы, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті бірлесіп ұйымдастырды. Семинар барысында ғылыми зерттеулерді өндіріс саласына енгізу жолдары жан-жақты талқыланып, қатысушыларға мемлекеттік гранттарға, венчурлік инвестицияларға, шағын гранттар мен жеңілдетілген несиелерге қол жеткізу мүмкіндіктері таныстырылды. Іс-шараның спикері техника ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС бас директоры Құрманғазы Омаров …

Read more
14/05/2025
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Жұбанов RUN» марафоны өтті

Жұбанов университетінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған "Жұбанов RUN" бұқаралық жүгіру марафоны өтті.  Ашылу рәсімінде ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров сөз сөйлеп, бұл бастаманың жастарды рухани тұрғыда тәрбиелеудегі және қоғамдық белсенділікті арттырудағы маңызын атап өтті. Жүгіруге барлығы 685 адам қатысты. Қатысушылар арасында тек Ақтөбе тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Алматы, Қостанай және Атырау қалаларынан арнайы келген қонақтар да бұл бастаманы …

Read more
12/05/2025
Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің білім бағдарламалары Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығында мамандандырылған аккредиттеуден өтеді. Білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі 2025 жылғы 13-14 мамыр аралығында гибридті форматта өтеді. Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін білім бағдарламалары: 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 6В01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 6В01405-Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау 6В01501-Математика 6B01502-Физика 6В02101-Хореография 6В02201-Тарих 6В06105-Компьютерлік инженерия 7М01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 7М01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 7M01404-Дене шынықтыру және спорт …

Read more
12/05/2025
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған Инклюзивті орталық Zhubanov university базасында қызмет атқарады

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін қолайлы жағдай жасалып келеді. Университет қабырғасында Инклюзивті білім беру орталығымен қатар бірнеше психологиялық-педагогикалық құрылымдар қызмет етеді. Орталық ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен заманауи жабдықтармен жабдықталған. Атап айтқанда, бақылау және супервизияға арналған жиынтық (Гезелл айнасы және веб-камера), тірек-қимыл аппараты бұзылған және сенсомоторлық бұзылыстары бар тұлғаларға арналған үлкейтілген компьютерлік жабдықтар, тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушыларға арналған …

Read more
12/05/2025
Ақтөбедегі Heriot-Watt студенті Әлия Молдағұлова туралы жасанды интеллект көмегімен комикс жасады

Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының 2-курс студенті Көркемай Елеусіз Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ерекше жобаны жүзеге асырды. Студент жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін пайдаланып, батырдың ерлігі мен рухын қазіргі заман талабына сай жеткізетін комикс жасады. Жоба бастауыш сынып оқушыларына арналған және Әлия Молдағұлова туралы ақпаратты жеңіл әрі қызықты формада ұсынуды көздейді. Комикс, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа мотивация беріп, ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға үлес қосуды мақсат етеді. Бұл жобаның ерекшелігі …

Read more
28/04/2025
Ғылыми кеңес мәжілісінде интернационализация және кадрлық әлеуетті дамыту мәселелері қаралды

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Отырыста университеттің халықаралық білім беру кеңістігіндегі орны, кадрлық әлеуетті нығайту, шетелдік ғалымдармен ғылыми ынтымақтастықты дамыту және халықаралық оқу бағдарламаларын жасақтау мәселелері қаралды. Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Майра Алдиярова университеттің әлемдік рейтингтердегі көрсеткіштеріне тоқталып, стратегиялық жұмыс бағыттарын ұсынды. Ол Erasmus+, Horizon Europe секілді халықаралық бағдарламаларға қатысу, ғылыми жобаларды ілгерілету, инновация мен кәсіпкерлік экожүйесін дамыту, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ университет …

Read more
28/04/2025
Талапкерлер Heriot-Watt university-ге оқуға түсу үшін AET емтиханын тапсырды

Бүгін Жұбанов университетінің базасында Heriot-Watt University британдық жоғары оқу орнының Ақтөбе кампусына оқуға түсуге ниетті талапкерлер үшін ағылшын тілі бойынша AET емтиханы өтті. Талапкерлердің географиясы кеңейіп келеді. Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының тұрғындарынан бөлек, бұл жолы емтихан тапсыруға Көкшетаудан да талапкерлер келді. Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Smart Bilim, Білім-Инновация және қаланың басқа да алдыңғы қатарлы мектептерінің оқушылары қатысты. Еске сала кетейік, Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында үш мамандық бойынша қабылдау жүргізіледі: …

Read more