Бүгін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тыңдады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің алдағы даму бағдарларын айқындап, жаңа тарихи кезеңдегі басым міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, адами капиталды нығайту, білім мен ғылымның әлеуетін арттыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударды. Президент …