18/11/2024
Білім беру диалогы: университет және өңір

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде жоғары және орта білім беру саласындағы білікті мамандар мен сарапшылардың қатысуымен педагог мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған ашық диалог алаңы өтті. Іс-шараға Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан, «Өрлеу» БАҰО» Ақтөбе филиалының директоры Нұргүл Абишева, Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Гүлнара Сарсенгалиева, мектеп директорлары, білім беру мекемелерінің өкілдері, университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Университет ректоры Лаура Қарабасова Жұбанов …

Read more
15/11/2024
Ректор студенттік көшбасшылармен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова белсенді жастармен кездесті. Кездесу барысында университетті басқарудағы студенттік ұйымдар мен клубтардың жаңа рөлі жөнінде пікір алмасып, студенттердің белсенді араласуын қажет ететін проблемалар талқыланды.  Жиында белсенді жастар әртүрлі ұсыныстары мен ойларын ортаға салды. Сапарғали Батыржан тұрақты әрі жүйелі түрде жұмыс істейтін Zhubanov talks платформасында барлық өңір жастары үшін қызықты дәрістер сериясын өткізуді ұсынып, әрі ұйымдастыру жауапкершілігін өзі алатынын айтты. Ал Еркеназ Әлібек «Tаза Қазақстан» акциясы …

Read more
13/11/2024
Облыстық прокуратура қызметкерлері жастармен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінде Ақтөбе облысы прокуратурасының өкілдері студенттермен кездесу өткізді.  Кездесуге Ақтөбе қаласы прокуратурасы қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры Ж.Какимов, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалаудың бөлім прокуроры А.Тайкаров, Ақтөбе қаласы ПБ ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Б.Жалекешова және Ақтөбе облыстық орталық мешітінің наиб имамы М. Бисенов қатысты.  Жиында жастардың есірткі бизнесіне араласуының алдын алу, құқықтық білім беру және профилактикалық іс-шаралар туралы айтылды. Сонымен қатар мағыналы бейнероликтер …

Read more
13/11/2024
Zhubanov university-де мультимедиялық лингафон кабинеті жабдықталды

Жұбанов университетінде мультимедиялық лингафон кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Ақтөбедегі ҚХР Бас консулдығының бірінші басшысы Го Юй, Шаньси провинциясы Люйлян қаласының «Jiu jiu Aixin» қоғамдық қауымдастығының төрағасы Чжан Аньцай бастаған делегация қатысты.  Университет ректоры Лаура Қарабасова Жұбанов университетінің Қытай жоғары оқу орындарымен әріптестігі жылдан жылға түрлі бағытта жаңа деңгейге толығып отырғанын атап өтті. Әсіресе, Конфуций институтымен байланыс терең екенін, осы әріптестіктің нәтижесінде оқу орнында студенттерге қытай тілін үйрету курстары …

Read more
13/11/2024
Жұбанов университетінде «Қаржылық сауаттылық» тақырыбына арналған кездесу өтті

Бүгін Жұбанов университетінде «Теңге және қаржылық сауаттылық: қаржылық тәуелсіздікке қадам» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге ҚР Ұлттық банкінің Ақтөбе филиалы мамандары, Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Ақтөбе облысы полиция департаменті және ВТБ ( Қазақстан) «Батыстық» филиалының өкілдері қатысты.  Кездесу барысында спикерлер қаржылық сауаттылықты дамыту, ақшаны дұрыс басқару мүмкіндігі, шығындар мен кірістерді дұрыс жоспарлай білу, табысты болудағы рухани құндылықтардың маңыздылығы жөнінде студенттермен сұхбаттасып, болашақ экономистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.   ҚР …

Read more
07/11/2024
CARCEIT зерттеу тобы білім беру саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті

Жұбанов университетінде Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің CARCEIT зерттеу тобы 4-7 қараша аралығында профессор-оқытушыларға және магистранттар мен докторанттарға семинарлар мен шеберлік сағаттарын өткізуде. Спикерлер жоғары білім беру саласындағы өзекті тақырыптар бойынша мәселелерді талқылап, тәжірибелерімен бөлісті.  Профессор Ахмет Айпай сандық зерттеу дизайны  және білім беру саласында зерттеу жүргізудің тиімді тұстары жайында атап өтті.  Ол сандық зерттеудің мүмкіндіктері жөнінде баяндап, сондай-ақ деректерді талдау құралдары туралы айтты. Айта кетейік, Ахмет Айпай еліміздегі …

Read more