20/12/2024
Тұғыры биік тұлға

Бүгін Құдайберген Жұбановтың туған күніне орай университетте мазмұнды іс-шара өтті. Жұбан әулетінің өкілдері университетке келіп, ғалымның рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар Құдайберген Жұбановқа арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ғалымның өмірінен сыр шертетін сирек фотосуреттер, оның анасы, жұбайы, туыстары мен достарының бейнелері ұсынылды. Заманауи технологияның көмегімен QR код арқылы көрме келушілері ғалымның өмірбаяны мен ғылыми мұрасын тереңірек танысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, көрмеде университеттің шығармашыл студенттерінің туындылары орын …

Read more
17/12/2024
Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ

Жұбанов университетінде "Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ" атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Мақсат Абекенов, ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Жалпы заң пәндері» кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Әбілова, университеттің комплаенс-қызметінің офицері Нұрлан Қаржаубаев, сондай-ақ профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сондай-ақ …

Read more
17/12/2024
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Ақтөбе тұрғындарымен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Халықпен кездесуде вице-министр отандық ғылым мен жоғары білім саласындағы реформаларды, қол жеткізілген нәтижелерді, сондай-ақ алдағы жоспарлар туралы баяндады. Ол министрлік тарапынан білімді жастарды қолдауға және  ғылымды дамытуға баса назар аударылып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар өз баяндамасында 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту жоспарының негізгі бағыттарын …

Read more
09/12/2024
Ақтөбеде ғалымдар «Көкжиде» кен орнына байланысты мәселені шешу жолдарын талқылады

5-6 желтоқсан күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы және «Самғау» ғылыми-техникалық инициативалар орталығының ұйымдастыруымен ғылыми-техникалық сессия өтті. Іс-шараға ғалымдар, сарапшылар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Энергетика министрлігінің, Ғылым комитеті мен Ғылым қорының өкілдері қатысты. – Бүгін біз ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен алтыншы ғылыми-техникалық сессияны өткіздік. Бұл жүйелі жұмыс ғылыми-техникалық қызметтің …

Read more
04/12/2024
Жұбанов университеті білім алушысының романы Лондонның «Алтын бұғы» сыйлығын иеленді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Филология» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Әлихан Жақсылықтың «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» атты романы Ұлыбританияның Hertfordshire Press Award-2024 халықаралық кітап сыйлығында «Алтын бұғы» жүлдесіне лайық деп танылды. – «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» романым қазақ оқырмандары арасында да үлкен қызығушылыққа ие. Бұл шығармада адамзат тарихы мен бүгінгі заман құндылықтары арасындағы қайшылықтар терең бейнеленген. «Алтын Бұғы» сыйлығы менің келесі ағылшын тіліндегі шығармаларымды жариялауға және …

Read more
03/12/2024
Zhubanov university-де Open day өтті

Бүгін Жұбанов университетінде мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. Бұл шараға қала мен аудан мектептерінен мыңға жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова бұл шараның жаңа оқу жылындағы алғашқы ашық есік күні екенін және алдағы уақытта мұндай шаралардың жалғасатынын айтты.  Оның айтуынша, бұл күн оқушылардың университет туралы толық мәлімет алуына мүмкіндік беру үшін диалог форматында өткізілген. Шара барысында қабылдау комиссиясының мамандары оқушылардың барлық сұрақтарына жауап …

Read more