Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Филология» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Әлихан Жақсылықтың «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» атты романы Ұлыбританияның Hertfordshire Press Award-2024 халықаралық кітап сыйлығында «Алтын бұғы» жүлдесіне лайық деп танылды. – «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» романым қазақ оқырмандары арасында да үлкен қызығушылыққа ие. Бұл шығармада адамзат тарихы мен бүгінгі заман құндылықтары арасындағы қайшылықтар терең бейнеленген. «Алтын Бұғы» сыйлығы менің келесі ағылшын тіліндегі шығармаларымды жариялауға және …