Бүгін Жұбанов университетінде «Ұлттық рух тұғыры» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шара «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі аясында ұйымдастырылып, қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын дәріптеу, ұлттық рухты нығайту мәселелерін талқылауға арналды. Конференцияға белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, тарихшылар және зиялы қауым өкілдері қатысып, ұлттық құндылықтарды зерттеу мен насихаттаудың маңыздылығын сөз етті. Университет ректоры Лаура Қарабасова ғылыми қауымдастық ретінде университеттің ұлттық рухты зерттеу мен насихаттаудағы рөліне тоқталып, Жұбанов университетінің ғалымдарының бұл бағыттағы …