Бүгін Жұбанов университетінде Ақтөбе облысы прокуратурасының өкілдері студенттермен кездесу өткізді. Кездесуге Ақтөбе қаласы прокуратурасы қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры Ж.Какимов, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалаудың бөлім прокуроры А.Тайкаров, Ақтөбе қаласы ПБ ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Б.Жалекешова және Ақтөбе облыстық орталық мешітінің наиб имамы М. Бисенов қатысты. Жиында жастардың есірткі бизнесіне араласуының алдын алу, құқықтық білім беру және профилактикалық іс-шаралар туралы айтылды. Сонымен қатар мағыналы бейнероликтер …