Академиялық және зерттеу артықшылықтары орталығы (АЗАО) «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ жанынан құрылған ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру құрылымы. Орталық академиялық және зерттеу артықшылығы бағдарламасы аясында құрылып, ғылымды, білім беруді және технологиялар трансферін дамытуға бағытталған.
Басшылық және байланыс
Орталық жетекшісі: Шабанов Ербол Жақсылықұлы
Телефон: 8 702-368-62-88
E-mail: yshabanov@zhubanov.edu.kz
Жалпы ақпарат
«Академиялық және зерттеу артықшылықтары орталығы» бағдарламасы (бұдан әрі - АЗАО) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы №580 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің» 7-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жобалық офисінің 2024 жылғы 13 қаңтардағы есебін тыңдау хаттамасының 3-тармағын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.
АЗАО - академиялық және зерттеу артықшылығы бағдарламасы аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында құрылған, білім беру, ғылыми және өзге де қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған зерттеу құрылымы.
Академиялық және зерттеу артықшылығы бағдарламасын іске асыру келесі бағыттарды дамытуды көздейді:
- халықаралық ынтымақтастықты;
- аяқталған қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санынан коммерцияландырылған жобалар үлесін;
- жергілікті атқарушы органдар мен бизнес өкілдерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды;
АЗАО-ның мақсаттары мен негізгі міндеттері
АЗАО бағдарламасының мақсаты:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ғылыми әлеуетін нығайту;;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын, сондай-ақ жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізу мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындармен және ұйымдармен серіктестік қатынастар орнату арқылы технологиялар трансферін жүзеге асыру.
Қойылған мақсаттарды іске асыру ғылыми инфрақұрылымды дамыту, зерттеу бастамаларын қолдау және ғылым, білім беру мен өндірісті ықпалдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Іске асырылып жатқан жобалар
2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландырады) «Экология, қоршаған орта және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» басымдығы бойынша жүзеге асырылуда.
ИРН BR24992882 «Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарта отырып, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу».
Бағдарламаның мақсаты - жаңа технологиялық және техникалық шешімдерді қолдану арқылы өнеркәсіптік нысандардың қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсерін төмендету.
Бағдарлама ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізуге және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
АЗАО ғылыми зертханалары
АЗАО аясында металлургия, материалтану, экология және химия бағыттары бойынша үш ғылыми зертхана құрылды. Бұл зертханалар тау-кен металлургия саласындағы кәсіпорындарға ғылыми-зерттеу қызметтерін көрсетеді.
Ғылыми зертханалар білім алушыларды тәжірибеге бағытталған даярлаудың және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Зертханалардың мақсаты
Инженерлік бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу және жобалық қызметті дамыту, сондай-ақ білім алушылардың практикалық даярлығын қамтамасыз ету.
Зертханалардың міндеттері
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
- оқу және өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыру;
- инженерлік шешімдерді, прототиптер мен модельдерді әзірлеу және сынақтан өткізу;
- ғылыми нәтижелерді өнеркәсіпке және басқа да салаларға енгізуге жәрдемдесу;
- ғылыми гранттар конкурстарына қатысу;
- ғылыми жарияланымдарды, патенттер мен техникалық құжаттамаларды дайындау, кәсіпорындармен және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;