Зертхананың сипаттамасы:

«Материалтану» зертханасы заманауи және перспективалы материалдардың қасиеттерін, құрылымын және сипаттамаларын зерттеумен айналысады. Зертхана қызметі әртүрлі өнеркәсіп салалары үшін пайдалану қасиеттері жақсартылған материалдарды әзірлеуге және кешенді зерттеулер жүргізуге бағытталған.

Негізгі қызмет бағыттары:

  • материалдардың құрылымдық, химиялық және термиялық талдауы; 
  • материалдардың қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу; 
  • композиттік материалдарды әзірлеу және зерттеу; 
  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қатысу. 

Материалдық-техникалық база:

«Материалтану» зертханасының материалдық-техникалық базасы заманауи материалдардың құрылымын, фазалық құрамын және физика-механикалық қасиеттерін кешенді зерттеуге бағытталған. Зертханада Германияның Bruker AXS GmbH компаниясы өндірген S6 JAGUAR рентген-флуоресценттік спектрометрі және D6 PHASER рентгендік дифракциялық спектрометрі және басқа да жабдықтар жұмыс істейді.

Спектроскопиялық зерттеулер үшін RAMANtouch комбинациялық шашырау микроскопы және Platinum-ATR приставкасымен жабдықталған INVENIO-S инфрақызыл спектрометрі (Bruker Optics GmbH, Германия) қолданылады. Материалдардың пайдалану қасиеттерін сынау жанғыштық пен жану қасиеттерін бағалауға арналған жабдықтардың көмегімен жүргізіледі, оның ішінде UL94 жалын камералары және Siemens оттегі анализаторы бар.

Қосымша ретінде зертхана DIL 402 EXPEDIS SELECT дилатометрімен және температуралық ваннасы бар LVDV-2T вискозиметрімен жабдықталған, бұл термомеханикалық және реологиялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ термомеханикалық, құрылымдық және реологиялық зерттеулерге арналған басқа да құралдар бар.