Бүгін Жұбанов университеті мен Ақтөбе облысы Полиция департаменті интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Байжанов қазіргі уақытта интернет-алаяқтықтың кең таралғанын, сондықтан бұл ынтымақтастықтың маңыздылығы жоғары екенін атап өтті. Ол интернет-қауіптерден қорғауға бағытталған бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді. Өз кезегінде әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Еркін Тастанқұлов студенттерді интернет-алаяқтықтың қауіптері мен қорғану тәсілдері туралы уақытылы хабардар етудің және …