«Жан саулығы» апталығы аясында менталды денсаулықты сақтауға арналған шеберлік сабағы өтті. Сабақтың спикері өзін-өзі қорғау бойынша жаттықтырушы әрі Academy boxing club клубының жетекшісі Айнұр Когай студенттерге менталды денсаулықты нығайту жолдары туралы айтып, тыңдаушыларға «Mindfulness» техникасының тиімділігін түсіндірді. Шеберлік сабағында қатысушылар өз эмоцияларымен жұмыс істеп, қазіргі сәтке толықтай назар аударуды үйренді. Айнұр Когай күнделікті өмірде стрессті жеңу және менталды тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығына тоқталып, эмоцияларды бақылаудың әдістерін көрсетіп өтті. Сонымен қатар ол …