22/09/2025
«rEmote» жобасы «Almaty Garden Show 2025» халықаралық фестивалінде жүлделі орынға ие болды

География және туризм кафедрасының ландшафтық жобалау мамандығы бойынша білім алушы студенттері әзірлеген «rEmote» атты бақ жобасы «Almaty Garden Show 2025» халықаралық фестивалі аясында өткен «Сады начинающих» номинациясында I орынға ие болды. Жоба жаңбыр суларын жинау және оларды тиімді пайдалану арқылы табиғи ресурстарды үнемдеуге бағытталған инновациялық жүйеге негізделген. Басты мақсат — экологиялық тепе-теңдікті сақтау, табиғатпен үйлесімді өмір сүру ортасын қалыптастыру және тұрақты дамуға үлес қосу. Жоба авторлары: * Газизова Райгүл * …

Ары қарай оқу
19/09/2025
Жұбанов университетінде «Болашақ прокурор» кеңістігі ашылды

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне ҚР Бас прокуратурасының делегациясы келді. Делегацияны Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев бастады. Қонақтар Жұбанов университеті мен Heriot-Watt кампусын аралап, өткен жылы пайдалануға берілген криминалистикалық полигонның жұмысымен танысты. Бұл полигон – студенттердің қылмыстық тергеу дағдыларын шынайы жағдайға жақын ортада меңгеруіне, жаңа әдістер мен технологияларды сынақтан өткізуіне мүмкіндік беретін тәжірибелік алаң. Мұнда қылмыс орнын қараудың барлық кезеңіне арналған заманауи және дәстүрлі құрал-жабдықтар бар. Бүгінде орталық болашақ …

Ары қарай оқу
15/09/2025
Президент жолдауы – жастар көзімен

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жастарға насихаттау мақсатында «Президент жолдауы – жастар көзімен» атты кездесу өтті. Шара 12 қыркүйек күні сағат 14:00-де Жастар сарайының «Мәңгілік ел» залында ұйымдастырылды. Кездесуді университеттің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Бекарыс Олжабаев жүргізді. Шараға «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Әлішер Тыныштық, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Жадан Бисенбин, «Aqtobe …

Ары қарай оқу
12/09/2025
Қытайлық ғалымдар қонақ дәрісін өткізді

Жұбанов университетінің физика-математика факультетінде Қытай Ғылым және технология университетінің (University of Science and Technology of China – USTC) халықаралық деңгейде танылған зерттеушілері — PhD, доцент Xin Wang (h-index 68) және PhD, профессор Yanbei Hou (h-index 34) қонақ дәріс өткізді. Қытайлық ғалымдар витримерлік эпоксидті материалдар саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерімен бөлісті. Бұл материалдар отқа төзімділік, қайта өңделу мүмкіндігі және өздігінен қалпына келу қасиеттерімен ерекшеленеді. Аталған зерттеулер тұрақты полимерлік жүйелерді дамытуда маңызды қадам …

Ары қарай оқу
12/09/2025
Ғылыми кеңесте жаңа міндеттер айқындалды

Жұбанов университетінде жаңа оқу жылындағы алғашқы кеңейтілген Ғылыми кеңес өтті. Жиында ҚР Президентінің Жолдауында айтылған басымдықтар негізінде университеттің алдағы даму бағыты белгіленді. Университет ректоры Лаура Қарабасова оқу орнының стратегиялық міндеттерін таныстырып, нақты тапсырмалар берді.  Атап айтқанда, педагогикалық білім беру бағдарламаларындағы жасанды интеллект компонентін арттыру, компьютерлік инженерия бағытындағы білім бағдарламаларының практикалық мазмұнын күшейту, жасанды интеллект бағытында ғалымдар мен шетелдік профессорларды тарту, экономика саласында өңірге қажетті зерттеу жобаларын дамыту, шағын және орта …

Ары қарай оқу
10/09/2025
Ақтөбеде Тоғызқұмалақ күні аталып өтті

2025 жылдың 9 қыркүйегінде Ақтөбедегі Триатлон паркінде ұлттық зияткерлік мұра – Тоғызқұмалақ күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Іс-шара Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық тоғызқұмалақ федерациясының ұйытқы болуымен және «Қабақ баба» қоғамдық қорының демеушілігімен өтті. Тоғызқұмалақ күні – қыркүйектің 9-ы елімізде жыл сайын ұлттық ойын ретінде ұлықталатын маңызды дата. Оның мақсаты – ата-бабамыздан жеткен зияткерлік мұраны дәріптеп, жас ұрпаққа насихаттау. Салтанатты жиынға қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, мектеп оқушылары мен студенттер, …

Ары қарай оқу
10/09/2025
Білікті, саналы адамдар — ұлттық экономиканың арқауы

Лаура ҚАРАБАСОВА, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Президенттің биылғы Жолдауы ел дамуының жаңа кезеңін айқындады. Әсіресе адами капитал сапасын арттыру, ғылым мен білімді инновациялармен ұштастыру жөніндегі міндеттер қоғам үшін ерекше маңызды. Мемлекет басшысының «Білікті, саналы адамдар — ұлттық экономиканың арқауы, ел болашағының кепілі» деген сөзі осы бағыттағы негізгі бағдарды айқын көрсетеді. Қазіргі таңда елге дарынды зерттеушілерді тарту, техникалық салаларда сапасы жоғары кадрларды даярлау, шетелден мықты мамандарды әкелу — экономиканың …

Ары қарай оқу
09/09/2025
Президент Жолдауы тыңдалды

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессорлары мен оқытушы құрамы Президент Жолдауын тыңдады. Онда көтерілген бірқатар бастаманы жоғары оқу орнының білім жүйесіне енгізе отырып, жүзеге асырудың ұтымды тұстары талқыланды. Тыңдалымға қатысқандар қоғамның алдында тұрған нақты міндеттерді атап өтті

Ары қарай оқу
08/09/2025
Жұбанов университетінде «Ата заңым – айбыным» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заңым – айбыным» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, заң саласының мамандары, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Алғашқы сөзді Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Тимур Үбішев  алып, Конституцияның құқықтық мемлекет құрудағы тарихи рөліне тоқталды. Одан кейін Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Сәкен Бертлеуов «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл: 30 жылдық жол – Конституция және …

Ары қарай оқу
04/09/2025
Аудиториядан – индустрияға: Ақтөбелік студенттердің жобасы мұнай өндірісіне енеді

Мұнай компаниясы ақтөбелік студенттер әзірлеген мониторинг жүйесін сатып алып, оны кен орындарында қолданысқа енгізді.  Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері әзірлеген жоба жергілікті жер қойнауын пайдаланушылардың өндірістік процесіне енгізілуде. Жас мамандардың жұмысы мұнай-газ саласында сұранысқа ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. АРУ-дың мәліметінше, студенттер Рамзан Абдуллин мен Роман Соколов өндірістік нысандарды бақылау жүйесін жасап шыққан. Бұл жүйе нақты уақыт режимінде қысымды, температураны және ұңғымалардың дебитін бақылауға, …

Ары қарай оқу
04/09/2025
Ақтөбе достарын шақырады

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде жаңа оқу жылы дәстүрлі мерекемен басталды. 2 қыркүйек күні Тұңғыш Президент саябағында өткен «АҚТӨБЕ ДОСТАРЫН ШАҚЫРАДЫ» атты Білім күні мен студенттерді қабылдау кеші жастардың басын қосқан айтулы шараға айналды. Мерекелік кешті университет пен Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Бұл шара студенттердің басын біріктіріп қана қоймай, Ақтөбенің еліміздегі және шетелдегі жастар үшін тартымды білім орталығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бүгінде университет қабырғасында …

Ары қарай оқу
02/09/2025
Студенттік стартап нарыққа жол ашты: Жұбановшылардың жобасын мұнай компаниясы өндірісте қолданбақ

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері Рамзан Абдуллин мен Роман Соколов өндірістік нысандарды бақылауға арналған жүйе әзірледі. Бұл жүйе жабдықтардың техникалық жай-күйін үздіксіз бақылауға, ақауларды дер кезінде анықтауға және апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Жүйе нақты уақыт режимінде қысым, температура, ұңғымалардың дебиті мен нысандардың жұмыс күйі туралы деректерді жинап, өңдейді және аналитикалық есептер ұсынады. Басшылық үшін интерактивті карта мен аналитикалық құралдар, ал операторлар үшін — шалғай кен орындарында …

Ары қарай оқу