21/04/2025
Арман Исимовтың ғылыми мақаласы әлемнің ең көп қаралған еңбектерінің қатарына енді

Жұбанов университетінің биология кафедрасының доценті, PhD  Арман Исимовтың WILEY халықаралық ғылыми баспасының Veterinary Medicine and Science журналына жарияланған мақаласы ең көп қаралған мақалалардың алғашқы 10 пайызына енді.  Мақала «Батыс Қазақстандағы ірі қара мал арасындағы аусыл ауруымен күрес жөніндегі шағын фермерлердің білімі, көзқарасы және тәжірибесі» тақырыбында жазылған. Бұл зерттеу ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі — аусыл ауруының алдын алу мен күресу бағытындағы шағын шаруашылық иелерінің практикалық дағдыларын талдауға арналған. Айта кетейік, …

Ары қарай оқу
21/04/2025
Жұбанов университетінде «ERG FEST» іс-шарасы өтті

2025 жылдың 18 сәуірі күні Жұбанов университетінде «ERG FEST» іс-шарасы өтті. Бір күндік шара ERG компаниясының «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасы аясында ұйымдастырылды. Шара барысында студенттер «Кәсіпкерлік жобаны әзірлеу және іске қосуда AI құралдарын қолдану» тақырыбында білім беру модулінде тәлім алды. Бұл сессияда жасанды интеллект технологияларының кәсіпкерлік жобаларда қалай қолданылатыны жөнінде тәжірибелі мамандар дәріс оқып, студенттерге инновациялық шешімдерді қалай енгізу керектігін түсіндірді. Сонымен қатар ұйымдастырушылар жобаның мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы презентация …

Ары қарай оқу
21/04/2025
Жұбанов университеті ғалымдарының жобалары гранттық қаржыландыруға ие болды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсында Жұбанов университетінің ғалымдары грант ұтып алды. Атап айтсақ, «Ағылшын және неміс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Әсел Утегенова ұсынған «AP27510383 – Мектеп оқушыларының ұлттық санасын қалыптастыруға Қазақстан мектептеріндегі тілдік ландшафттың тигізетін әсері» жобасы, аға ғылыми қызметкер, PhD Ербол Қуатбайдың «AP27511881 – Отандық ильменит шикізатынан сапалы титан құрамды қож алудың …

Ары қарай оқу
18/04/2025
Студенттер университет аумағын абаттандыруға үлес қосуда

Жұбанов университетінің «Биология» білім бағдарламасының студенттері теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, университет аумағын көркейтуге үлес қосуда. Олар өздерінің жетекшісі, жылыжай меңгерушісі, тәжірибелі агроном Сарбиназ Ешмұратовамен бірге түрлі гүлдер мен көкөніс дақылдарын өсірді. Сарбиназ Ешмұратова өсірілген гүлдер жақын күндері университет аумағына отырғызуға дайын екенін айтты. – Практикалық сабақтар барысында студенттер көпжылдық және біржылдық гүлдердің әртүрлі түрлерін өсірді. Атап айтқанда, көпжылдықтар қатарында канна, калла, хризантема, раушан гүлдері, ал біржылдықтардан шырайгүл, барқыт тағы басқа …

Ары қарай оқу
18/04/2025
Жұбанов университетінің «Күміс университет» жобасы биылғы маусымын сәтті аяқтады

Жұбанов университетіндегі әлеуметтік маңызы зор «Күміс университет» жобасы биылғы маусымын сәтті аяқтады. Бүгін 170-ке жуық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды. Осы жоба аясында олар қазақ тілі, ағылшын тілі, цифрлық сауаттылық, емдік дене тәрбиесі, тігін, шахмат және басқа да бағыттар бойынша 2,5 ай көлемінде білімдерін арттырды.  Университет ректоры Лаура Қарабасова биылғы жылы егде жастағы студенттердің уақытын сапалы ұйымдастыруға да басымдық берілгенін атап өтті.  «Қазіргі еңбек нарығының өзгерісі, жасанды интеллект, ақпараттық толқынның артуы көптеген …

Ары қарай оқу
16/04/2025
Zhubanov university ғалымдары Web of Science деректер базасының ең көп дәйексөз келтірілген авторлар тізіміне енді

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы 2020-2024 жылдар аралығында Web of Science деректер базасындағы Қазақстанмен байланысы бар мақалалардың ең көп дәйексөз келтірілген авторларының тізімін жариялады. Тізім алты негізгі ғылыми бағыт бойынша жасалған. Бұл тізімде  Жұбанов университетінің бірнеше ғалымы ең көп дәйексөз келтірілген жетекші ғалымдар қатарынан табылды. Атап айтсақ, гуманитарлық ғылымдар және өнер бағыты бойынша университетіміздің ректоры, білім беру бойынша философия докторы (PhD) Лаура Қарабасова (1орын), тарих ғылымдарының …

Ары қарай оқу
15/04/2025
Қырғызстандық студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті

Бүгін  Жұбанов университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті студенттерінің шығармашылық көрмесі өтті. Шара барысында қырғызстандық жас дизайнерлердің өзіндік қолтаңбасын танытқан шығармашылық жұмыстары көрермен назарына ұсынылды. Көрмеге графикалық және қолданбалы өнер туындылары, сәулет жобалары, авангардтық сән топтамалары, макраме техникасында орындалған қолөнер бұйымдары, сондай-ақ студенттердің жеке авторлық жобалары қойылды. Әрбір туынды шығармашылық жаңашылдығымен, көркемдік ерекшелігімен және идеялық мазмұнымен көзге түсті. Іс-шара аясында шетелдік ғалымдарды тарту …

Ары қарай оқу
14/04/2025
Жұбанов университетінде жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2025 жылдың 14 сәуірі күні Жұбанов университетінде «Жастар, ғылым және инновация» атты ХХI халықаралық дәстүрлі ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл маңызды алаңға шетелдік және отандық ғалымдар, жас зерттеушілер, магистранттар мен студенттер қатысып, жаңа ғылыми жетістіктер мен инновациялық бастамаларды талқылады. Конференцияның модераторы, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров жиынның маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Конференция барысында ғылыми және инновациялық дамудың негізгі мәселелері қарастырылды. Әртүрлі бағытта ұсынылған баяндамалар мен зерттеулер бүгінгі …

Ары қарай оқу
14/04/2025
Студенттер өнер арқылы экологияға үлес қосты

Бүгін Жұбанов университетінде ерекше әрі мағыналы көрме өтті. ArtHouse студенттік ұйымының «Қалдықсыз шығармашылық» экологиялық арт-инсталляция көрмесі өнер мен экологияның өзара байланысын көрсететін маңызды мәдени шара болды. Көрмеде студенттердің қайта өңделген материалдар мен табиғи ресурстарды қолдану арқылы жасаған шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Авторлар экологиялық жауапкершілікке мән беріп, тұрмыстық қалдықтарды екінші өмірге әкелу идеясын өнермен ұштастырды. Көрменің басты мақсаты – қоғамға қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын жеткізу және экологиялық тұрақтылықты насихаттау. Жас суретшілер …

Ары қарай оқу
11/04/2025
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Басқарма Төрағасы-Ректор ғылыми рейтингіден орын алды!

12 сәуір Ғылым қызметкерлері күніне орай, соңғы 5 жылда (2020–2024 жж.) Web of Science деректер базасында ең көп дәйексөз келтірілген 150 қазақстандық автордың тізімі жарияланды. Университетіміздің ректоры, білім беру бойынша философия докторы (Ph.D.) Қарабасова Лаура Чапайқызы да осы тізімде орын алып, еліміздің жетекші ғалымдары қатарынан табылды. Ғалымның еңбектері әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып, оның зерттеулерінің өзектілігі мен қоғам үшін маңыздылығы айқындалды. Бұл жетістік университетіміздің ғылым мен білім саласындағы жоғары …

Ары қарай оқу
10/04/2025
ERG компаниясы Жұбанов университеті студенттеріне тәжірибе мен жұмыс ұсынды

Бүгін Жұбанов университетінде Еуразиялық топ құрамына кіретін кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен «ERG күні» шарасы өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – студенттерге «Қазхром» ТҰК « АҚ кәсіпорындарында тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін таныстыру, сондай-ақ компания қызметімен жан-жақты таныстыру болды. Іс-шараға университет өкілдері, «Қазхром» трансұлттық компаниясы» мамандары мен 4-курс студенттері қатысты. Жиын барысында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының персонал және мәдениет жөніндегі директоры Дина Жаңғалиева компания ұсынатын жеңілдіктер мен қызметкерлерге арналған өтемақылар, сондай-ақ қызметкерлерді …

Ары қарай оқу
09/04/2025
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы ғылым жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысы Жұбанов университетінде өтті

2025 жылдың 8 сәуірінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Ғылым жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысы өтті. Іс-шара елімізде 12 сәуірде атап өтілетін Ғылым қызметкерлері күнін мерекелеуге орай ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар – облыстық әкімдік пен өңірлік университет. Кеңес жұмысына оның төрағасы, облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер, жетекші ғалымдар, университет оқытушылары мен жас зерттеушілер қатысты. «Кеңес отырысы – өңір үшін маңызды және тарихи қадам», - деді облыс әкімі. Ол өңірдің орнықты …

Ары қарай оқу