18/09/2026
Шетелдік ғалым ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесімен бөлісті

Жұбанов университетінде ағылшын тілін оқыту әдістемесі саласының PhD докторы, доцент Эва Рейдтің қатысуымен бірқатар академиялық іс-шаралар өтті.  Словакиялық ғалым «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына дәрістер мен практикалық семинарлар өткізді.  Сабақтар барысында ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесі, CEFR қағидаттары, коммуникативтік, әлеуметтік-лингвистикалық және прагматикалық құзыреттер, аудиторияны басқару және педагогтің кәсіби рөлдері қамтылды. Модельдік сабақтар форматында ұйымдастырылған кездесулер студенттерге тиімді оқыту әдістерін пікірталас, симуляция, рөлдік ойын және …

Ары қарай оқу
18/09/2026
Жұбанов университетінде шетелдік ғалымдар дәріс оқуда

Жұбанов университетіне шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында Сербиядан Марко Петрович пен Түркиядан профессор Семра Гюнай келіп, тарих және география факультетінің «География және туризм» кафедрасындағы білім беру үдерісіне қатысуда. Шетелдік ғалымдар 2026 жылғы 14–27 қыркүйек аралығында «Туризм» білім беру бағдарламасы студенттеріне дәріс оқып, ғылыми-зерттеу және кәсіби тәжірибелерімен бөліседі. Марко Петрович - Сербия Ғылым және өнер академиясының «Йован Цвийич» география институтының Әлеуметтік география бөлімінің бас ғылыми қызметкері, сондай-ақ АҚШ-тағы Висконсин университетінің құрметті …

Ары қарай оқу
11/09/2026
Халықаралық академиялық ынтымақтастық

Басқарма мүшесі, Стратегиялық даму жөніндегі проректор Дастан Хусаинов Fulbright халықаралық бағдарламасының қатысушысы Кристина Уэстбрукпен кездесті. Fulbright – Америка Құрама Штаттары Үкіметінің академиялық және мәдени алмасуды, халықаралық ынтымақтастықты және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытуға бағытталған ірі халықаралық білім беру бағдарламаларының бірі. Бағдарлама әлемнің 160-тан астам елінде жүзеге асырылады. Аталған бағдарламаның English Teaching Assistant (ETA) бағыты бойынша қатысушысы Кристина Уэстбрук университетте студенттермен және профессор-оқытушылар құрамымен өзара іс-қимыл орнатып, ағылшын тілі сабақтарына қатысады. …

Ары қарай оқу
01/07/2026
Жұбанов университеті Қытай университетімен ғылыми ынтымақтастықты нығайтты

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Басқарма мүшесі – ғылым және инновация жөніндегі проректоры Рахым Бекназаровтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің Партия комитетінің Бас хатшысы Чжоу Яуджымен ресми кездесу өтті. Кездесу барысында Рахым Бекназаров Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің даму басымдықтары, ғылыми-зерттеу әлеуеті, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы бастамалары мен инновациялық жобалары туралы жан-жақты баяндап, оқу орнының алдағы стратегиялық мақсаттарын таныстырды. Сапар қорытындысында екі университет арасында …

Ары қарай оқу
25/06/2026
THE Impact Rankings 2026: университеттің халықаралық деңгейдегі нәтижелері артты

THE Impact Rankings халықаралық рейтингінің 2026 жылғы қорытындысы бойынша университет 1001-1500 орындар тобына еніп, жалпы көрсеткіші өткен жылдармен салыстырғанда 500 позицияға жоғарылады.  2026 жылы университет ұсынған Тұрақты даму мақсаттарының саны 9 бағытқа артты. Ең жоғары нәтижелер «Сапалы білім беру» бағыты бойынша тіркеліп, университет 1335 жоғары оқу орнының ішінде 801-1000 орын аралығынан көрінді. «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» бағыты бойынша 1003 университеттің арасында 301-400 орынға көтерілді. «Тұрақты даму мақсаттары жолындағы әріптестік» …

Ары қарай оқу
22/06/2026
Ғылыми зерттеулер халықаралық алаңда таныстырылды

Доцент Акылбек Жаманшинді Түркияның Зонгулдак қаласында өткен беделді халықаралық MMAS’26 3rd Workshop (Mathematical Modeling, Analysis and Simulation of Real-World Problems) конференциясында сәтті пленарлық баяндама жасауымен құттықтаймыз. Ақылбек Жаманшин дифференциалдық теңдеулер мен нейрондық желілер саласындағы заманауи зерттеулерге арналған «Compartmental Alpha Unpredictable Solutions of Differential Equations and Neural Networks» тақырыбында пленарлық баяндама жасады. Конференция жұмысына профессор Марат Ахметтің қазақстандық ғылыми мектебінің өкілдері – Акылбек Жаманшин, Мадина Тлеубергенова, Еркебулан Арызахметов және Ернар Шакимов …

Ары қарай оқу