14/04/2025
Жұбанов университетінде жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2025 жылдың 14 сәуірі күні Жұбанов университетінде «Жастар, ғылым және инновация» атты ХХI халықаралық дәстүрлі ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл маңызды алаңға шетелдік және отандық ғалымдар, жас зерттеушілер, магистранттар мен студенттер қатысып, жаңа ғылыми жетістіктер мен инновациялық бастамаларды талқылады. Конференцияның модераторы, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров жиынның маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Конференция барысында ғылыми және инновациялық дамудың негізгі мәселелері қарастырылды. Әртүрлі бағытта ұсынылған баяндамалар мен зерттеулер бүгінгі …

Ары қарай оқу
14/04/2025
Студенттер өнер арқылы экологияға үлес қосты

Бүгін Жұбанов университетінде ерекше әрі мағыналы көрме өтті. ArtHouse студенттік ұйымының «Қалдықсыз шығармашылық» экологиялық арт-инсталляция көрмесі өнер мен экологияның өзара байланысын көрсететін маңызды мәдени шара болды. Көрмеде студенттердің қайта өңделген материалдар мен табиғи ресурстарды қолдану арқылы жасаған шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Авторлар экологиялық жауапкершілікке мән беріп, тұрмыстық қалдықтарды екінші өмірге әкелу идеясын өнермен ұштастырды. Көрменің басты мақсаты – қоғамға қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын жеткізу және экологиялық тұрақтылықты насихаттау. Жас суретшілер …

Ары қарай оқу
11/04/2025
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Басқарма Төрағасы-Ректор ғылыми рейтингіден орын алды!

12 сәуір Ғылым қызметкерлері күніне орай, соңғы 5 жылда (2020–2024 жж.) Web of Science деректер базасында ең көп дәйексөз келтірілген 150 қазақстандық автордың тізімі жарияланды. Университетіміздің ректоры, білім беру бойынша философия докторы (Ph.D.) Қарабасова Лаура Чапайқызы да осы тізімде орын алып, еліміздің жетекші ғалымдары қатарынан табылды. Ғалымның еңбектері әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып, оның зерттеулерінің өзектілігі мен қоғам үшін маңыздылығы айқындалды. Бұл жетістік университетіміздің ғылым мен білім саласындағы жоғары …

Ары қарай оқу
10/04/2025
ERG компаниясы Жұбанов университеті студенттеріне тәжірибе мен жұмыс ұсынды

Бүгін Жұбанов университетінде Еуразиялық топ құрамына кіретін кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен «ERG күні» шарасы өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – студенттерге «Қазхром» ТҰК « АҚ кәсіпорындарында тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін таныстыру, сондай-ақ компания қызметімен жан-жақты таныстыру болды. Іс-шараға университет өкілдері, «Қазхром» трансұлттық компаниясы» мамандары мен 4-курс студенттері қатысты. Жиын барысында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының персонал және мәдениет жөніндегі директоры Дина Жаңғалиева компания ұсынатын жеңілдіктер мен қызметкерлерге арналған өтемақылар, сондай-ақ қызметкерлерді …

Ары қарай оқу
09/04/2025
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы ғылым жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысы Жұбанов университетінде өтті

2025 жылдың 8 сәуірінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Ғылым жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысы өтті. Іс-шара елімізде 12 сәуірде атап өтілетін Ғылым қызметкерлері күнін мерекелеуге орай ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар – облыстық әкімдік пен өңірлік университет. Кеңес жұмысына оның төрағасы, облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер, жетекші ғалымдар, университет оқытушылары мен жас зерттеушілер қатысты. «Кеңес отырысы – өңір үшін маңызды және тарихи қадам», - деді облыс әкімі. Ол өңірдің орнықты …

Ары қарай оқу
08/04/2025
«Ғылымға қадам» жобасының екінші кезеңі өтті

Бүгін Жұбанов университетінде «Ғылымға қадам» жобасының екінші кезеңі басталды. Бұл жоба – ғылымнан алыстап қалған, бірақ қайта оралғысы келетін әйелдер үшін арналған бірегей бастама. Жобаға қатысушылар – магистратураны аяқтап, отбасылық немесе басқа да себептермен ғылыми мансабын уақытша тоқтатқан, бірақ оны қайта жалғастыруға ниетті әйелдер. Бүгінгі кездесуде олар ғылыми әлеуеті жоғары мамандар ретінде өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа білім алды. Университет ректоры Лаура Қарабасова бұл жоба ғылымға қадам басқысы келетін әйелдерге үлкен …

Ары қарай оқу
08/04/2025
Білімге жол ашқан демеушілік

Бүгін Жұбанов университеті үшін ерекше әрі қуанышты күн!  73 студентіміз оқу ақысына 100% жеңілдік алып, жарқын болашаққа нық қадам басып жатыр! Бұл мүмкіндік біздің сенімді серіктестеріміз — «KazakhOil Aktobe» және «Қазақтүрікмұнай» компанияларының қаржылай қолдауының арқасында жүзеге асырылды. Айта кетсек, оқу жылының басында университетіміз бен жұмыс беруші компаниялар арасында жасалған ынтымақтастық меморандумы аясында, ақылы негізде білім алып жүрген, үлгерімі жоғары әрі әлеуметтік осал топқа жататын студенттерге грант бөлу туралы ұсыныс университет …

Ары қарай оқу
08/04/2025
Zhubanov university спортшысы — бокстан әлем чемпионы!

Бразилияда өткен Әлем кубогында Ақтөбе боксы тарихында тұңғыш рет Жұбанов университетінің спортшысы чемпион атанды. 85 кг салмақ дәрежесінде ел намысын абыроймен қорғаған Дәулет Төлемісов барлық қарсыласын сенімді жеңіп, алтын медаль иеленді. Ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің "Дене шынықтыру және спорт" білім беру бағдарламасының 3 курс студенті. Жас спортшының бұл жеңісі — оның тынымсыз еңбегі мен жоғары кәсіби дайындығының жемісі. Сонымен қатар бұл жетістік Ақтөбе боксының жаңа белеске көтерілгенін айғақтайды. …

Ары қарай оқу
08/04/2025
Zhubanov university-де ІІ аймақтық «Математикалық тартыс» олимпиадасы өтті

2025 жылғы 3-5 сәуір аралығында Жұбанов университетінде физика-математика ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің құрметті профессоры М.У.Ахмет атындағы II аймақтық «Математикалық тартыс» олимпиадасы өтті. Олимпиада Батыс өңіріндегі жоғары оқу орындарының «Математика» білім беру бағдарламаларының студенттері арасында өткізілді. Сайыс үш күн бойы жалғасып, әр команда 5 тартысқа қатысып, өз білімдерін дәлелдеді. Олимпиадаға Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инженерия университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, М.Өтемісов атындағы …

Ары қарай оқу
07/04/2025
Ақтөбедегі «Study in Kazakhstan» көрмесіне 3000-ға жуық оқушы қатысты

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде бүгін 10-11 сынып оқушыларына арналған «Study in Kazakhstan» ауқымды көшпелі білім беру көрмесінің екінші күні өтті. Көрмеге 3 мыңға жуық оқушы мен олардың ата-аналары қатысты. Көрме барысында олар жетекші қазақстандық университеттер мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары өкілдерімен тікелей сұхбаттасып, оқуға түсу шарттары, білім бағдарламалары, 2025 жылғы ҰБТ ерекшеліктері және гранттар туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар оқушылар ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі …

Ары қарай оқу
04/04/2025
Білім комитетінің өкілі студенттермен ашық сұхбат өткізді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан Жұбанов университетінің Студенттік үкіметі құрамымен кездесті. Кездесу барысында студенттік өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, жастардың білім алу сапасын арттыру және олардың әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Ақерке Абылайхан студенттердің жоғары білім беру жүйесіндегі рөлін ерекше атап өтіп, олардың бастамалары мен ұсыныстарының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ол «Толық адам» концепциясына тоқталып, тәрбие мәселесін көтерді. …

Ары қарай оқу
04/04/2025
Доктор Yuwei Xu ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері туралы шеберлік сабағын өткізді

Бүгін Жұбанов университетінде Ұлыбританияның Nottingham университетінің ғалымы, PhD докторы Yuwei Xu шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағы барысында Yuwei Xu  тәжірибесімен бөлісіп, білім беру саласында ғылыми зерттеулер жүргізудің тиімді әдістері мен тәсілдерін талқылады. Шетелдік ғалым зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде, жоғары импактті журналдарда жариялаудың маңыздылығын атап өтіп, осындай жарияланымдардың ғылыми қызметтің сапасын арттыруға қалай ықпал ететінін түсіндірді. Ол зерттеу жұмыстарын жоспарлау, жүргізу және нәтижелерін дұрыс баяндау бойынша пайдалы кеңестер берді. Сонымен қатар …

Ары қарай оқу