Польшадағы Быдгощ қаласы Ұлы Казимир университетінің Оптоэлектрондық материалдар кафедрасының меңгерушісі, dr hab, профессор Юрий Зоренко Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне келіп, оқу орнының ғалымдарымен бірге эксперименттік жұмыстар жүргізді. Профессор «Материалдардың Радиациялық физикасы» ғылыми орталығының жетекшісі Қуанышбек Шүңкеевтің «Иондық кристалдардың люминесценция шығымын бөлме температурасында арттыруының іргелі механизмдерін эксперименттік зерттеу» атты ғылыми жобасы аясында жұмыс жасауда. Сонымен қатар білім беру қызметіне шетелдік мамандарды тарту мақсатында шетелдік ғалымдарды шақыру жоспарына сәйкес «Физика» білім …