2025 жылдың 13 мамырында Үрімші қаласында Жұбанов университетiнiң проректоры Хусаинов Дастан Сақтағанұлы мен Синьцзян қаржы-экономикалық университеті ректоры Джулайти Турдидің төрағалығымен Синьцзян қаржы-экономикалық университетінде Конфуций институты Алқа Мәжiлiсiнiң кезекті отырысы өттi. Конфуций институты Синьцзян қаржы-экономикалық университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті бірлестікте құрылған халықаралық жоба. Мәжіліске Қытай тарапының өкілдері ретінде аталмыш университеттің басшылығы қатысты. Жиын барысында Конфуций институтының Жұбанов университетіндегі қызметі туралы жылдық есеп таныстырылып, алдағы жоспарлар талқыланды. Екіжақты келіссөздер …