21/04/2026
IІІ маусым үздіктері марапатталды

“Заман біздікі” интеллектуалды элиталар одағының ұйымдастыруымен пікірсайыс клубтары арасында өткен Zhubanov дебат лигасының III маусымы өз мәресіне жетті. Пікірсайыс лигасы білім алушылардың сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін және аналитикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.  Дәстүрге айналған шараға 24 фракция, 70-тен астам қатысушы белсенділік танытып, оларға 26 төреші қазылық етті. Маусымның қатысушы клубтары – “Феникс”, “Алаш”, “Тұран”, “Көзқарас”, “Өзгеріс” тартысты сайыс көрсетіп, шара қорытындысында жеңімпаз фракциялар мен үздік спикерлер марапатталды.  

Ары қарай оқу
13/04/2026
Жұбанов университетінде құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған ауқымды іс-шаралар өтті

2026 жылдың 6–10 сәуірі аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында студент жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған кезеңде Студенттер сарайында және университеттің барлық факультеттерінде «Хулиганка» және «Не книжные закладки» қысқаметражды фильмдерінің көрсетілімдері өткізіліп, олар кең көлемде талқыланды. Іс-шараларға құқық қорғау органдарының өкілдері, прокуратура қызметкерлері мен сот жүйесінің мамандары қатысып, студенттермен тікелей диалог алаңын құрды. Көрсетілімдердің …

Ары қарай оқу
06/04/2026
Белсенді студенттерге оқу ақысына жеңілдік берілді

Әлеуметтік қолдау аясында қоғамдық өмірге белсенді қатысып, түрлі бағыттарда жоғары жетістіктерге қол жеткізген, ақылы негізде оқитын 40 білім алушыға оқу ақысына жеңілдік сертификаттары табысталды. Аталған қолдау білім алушыларды ынталандыруға, олардың академиялық және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Жеңілдік сертификаттары оқу үдерісінде үздік нәтижелер көрсетіп, университеттің қоғамдық, мәдени және ғылыми өміріне белсене араласып жүрген әлеуметтік санаттағы жастарға ұсынылды. Бұл шара университеттің білім алушыларды жан-жақты қолдауға бағытталған әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі болып саналады …

Ары қарай оқу
29/01/2026
Әлеуметтік қолдау аясында студенттерге жеңілдік сертификаттары табысталды

Жоғары білім берумен қатар білім алушылардың әлеуметтік жай-күйін назарда ұстау, жастардың сапалы білім алуы үшін жағдай жасау – университеттің басты қағидаттарының бірі. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жүйелі жұмыстар нәтижесінде 150-ге жуық білім алушы серіктес компания ұсынған жалпы сомасы 82,6 миллион теңгені құрайтын жеңілдіктерге ие болды.  Оқуда озат, қоғамдық өмірде белсенді, ізденімпаз студенттерге «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниясы тарапынан оқу ақысына жеңілдік сертификаттары табысталды. Бұл бастама білім мен өндіріс арасындағы өзара ықпалдастықты …

Ары қарай оқу
29/12/2025
Студенттік өзін-өзі басқару: болашақ көшбасшылар алаңы

Университетте студенттік бастамаларды қолдау және жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру аясында Басқарма төрағасы – Ректор Лаура Қарабасова белсенді білім алушылармен кездесті. Кездесуде Студенттік парламент президенті 2025 жылы жүзеге асқан “Таза бейсенбі”, “Ұлттық сезім”, “Campus Wave” жобаларының нәтижелерімен таныстырып, белсенді студенттер санының 15%-ға артқанын атап өтті. Ректор білім алушылардың азаматтық белсенділігі мен көшбасшылық әлеуетін жоғары бағалап, университет өміріне белсене араласқан үздік студенттердің ата-аналарына Алғыс хаттар табыстады.

Ары қарай оқу
22/12/2025
Зияткер жастар жеңіс тұғырынан көрінді

Университеттің пікірсайыс қозғалысының белсенді өкілдері Асхат Есенов пен Батыржан Сапарғали «Азамат» интеллектуалды бағдарламасында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді.  Жартылай финал кезеңінде пікірсайысшылар “Жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастырудың жолдары” тақырыбы төңірегінде ой жарыстырып, өз ұстанымдарын теориялық тұжырымдар мен мысалдар негізінде жүйелі түрде қорғады.  Республикалық пікірсайысқа еліміздің 100 жоғары оқу орны арасынан іріктелген 32 команда қатысып, өзара бақ сынады. Пікірталас барысында қатысушылардың аналитикалық ойлау қабілеті, сыни талдау дағдылары, дәлелді аргументация жүргізу …

Ары қарай оқу