Жұбанов университетінде сарапшы ғалымдардың қатысуымен республикалық референдум қорытындысын қолдауға арналған ғылыми кеңес отырысы өтті. Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Ақтөбе облысы халықтық штаб құрамында Жұбанов университетінің физика-математика, экология, энергетика және техника саласындағы ғалымдары АЭС-тің қауіпсіздігі, маңыздылығы жөнінде тиісті ақпараттық жұмыстар жүргізгенін атап өтті. Жиында ғалымдар АЭС құрылысына қатысты бірқатар мәселелер төңірегінде диалог алаңын құрып, өз ұсыныстарын білдірді. «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми-зерттеу орталығының …