Бүгін Жұбанов университетінде «Теңге және қаржылық сауаттылық: қаржылық тәуелсіздікке қадам» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге ҚР Ұлттық банкінің Ақтөбе филиалы мамандары, Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Ақтөбе облысы полиция департаменті және ВТБ ( Қазақстан) «Батыстық» филиалының өкілдері қатысты. Кездесу барысында спикерлер қаржылық сауаттылықты дамыту, ақшаны дұрыс басқару мүмкіндігі, шығындар мен кірістерді дұрыс жоспарлай білу, табысты болудағы рухани құндылықтардың маңыздылығы жөнінде студенттермен сұхбаттасып, болашақ экономистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. ҚР …