Постдипломдық педагогикалық білім беру-қайта даярлау курсының тыңдаушыларына сертификаттар табысталды. 2025–2026 оқу жылында курсқа қатысқан 58 тыңдаушы 8 білім беру бағдарламасы бойынша оқуды сәтті тәмамдап, тиісті біліктіліктерін растады. Тыңдаушыларға сертификаттарды Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Ақтөбе облыстық филиалының аға оқытушысы Зауре Кашкенова табыстады. Қайта даярлау курстары Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес тиісті бейін бойынша педагогикалық қызметті алғаш рет жүзеге асыратын, …