Бүгін Heriot-Watt университетінің ректоры, профессор Нола Хьюитт-Дандас бастаған ресми делегация Ақтөбедегі кампусқа жұмыс сапарымен келді. Делегация оқу-зертханалық базамен және студенттерге жасалған жағдаймен танысып, оқытушылармен және білім алушылармен кездесті. Кездесу барысында кампустың даму стратегиясы, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын кеңейту мәселелері талқыланды. Ақтөбедегі Heriot-Watt кампусы 2023 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ашылды. Қазір мұнда студенттер ағылшын тілінде «Компьютерлік ғылымдар», «Электроэнергетика», «Мұнай инженериясы» және «Компьютерлік …