Физика-математика факультетінің білім беру бағдарламалары инженерлік, жаратылыстану және математикалық білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету саласындағы Еуропадағы жетекші агенттіктердің бірі – ASIIN (Германия) агенттігі тарапынан халықаралық аккредитациядан сәтті өтті. 3-4 желтоқсан аралығында жүргізілген сараптама барысында оқу бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігіне және білім беру сапасына жан-жақты талдау жүргізіліп, физика және математика білім беру бағдарламалары жеке кластер ретінде қарастырылды. Әр кластер құрамында University of Vechta, Leibniz University Hannover, Regensburg University of Applied …