28/04/2025
Жұбанов университетінің студенттері Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орынға ие болды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өткен 6В012 – “Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы” бағыты бойынша “Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі ұлттық құндылықтарды қолдану ерекшеліктері” атты XVII Республикалық пәндік олимпиадада Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері жүлделі II орын иеленді. Педагогика және білім берудегі менеджмент факультетінің атынан қатысқан команда жоғары білім, кәсіби дайындық және шығармашылық шеберлік деңгейін көрсетті. Олимпиада барысында болашақ педагогтар ұлттық құндылықтарды заманауи білім беру үдерісінде …

Ары қарай оқу
25/04/2025
Халықаралық конференцияда білім мен өнер саласында цифрлық технологияларды тиімді қолданудың шешімдері ұсынылды

2025 жылдың 24 сәуірінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде дәстүрлі Ғылым айы аясында кәсіби-шығармашылық факультетінің ұйымдастыруымен «Білім беру үдерісін зерттеу мен шығармашылықтың цифрлық технологиялары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл ауқымды шараға Малайзия, Өзбекстан, Қарақалпақстан секілді елдерден және Қазақстанның Алматы, Түркістан, Орал, Атырау қалаларынан танымал ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Конференцияның модераторы,  ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров қатысушыларға сәттілік тілеп, конференцияның нәтижесінде ұсынылған идеялар мен ғылыми зерттеулер білім мен …

Ары қарай оқу
23/04/2025
Zhubanov university және Sultan Idris Education university: серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері талқыланды

Бүгін Малайзияның Пендидикан Сұлтан Идрис университетінің бір топ профессорлары Жұбанов университетіне келіп, университет басшылығымен кездесіп, болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Делегация құрамында «Өнер, тұрақты даму және шығармашылық индустрия» факультетінің профессоры Мохд Фаузи бен Седдон, «Музыка және орындаушылық өнер» факультетінің профессоры Мохд Хасан бин Абдулла, сондай-ақ «Есептеу техникасы және метатехнология» факультетінің профессорлары Че Залина Зулкуфли мен Салим Абдулла болды. Кездесу барысында Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова шетелдік ғалымдарды жылы қарсы алып, университеттің …

Ары қарай оқу
23/04/2025
Жұбанов университетінің студенттері CASE-IN халықаралық инженерлік чемпионатында жүлделі орын иеленді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткен CASE-IN халықаралық инженерлік чемпионатының «Мұнай-химия» бағыты бойынша өңірлік жартылай финалы қорытындыланды. CASE-IN — бұл инженерлік әлеуетті ашуға арналған ең ірі халықаралық алаңдардың бірі. Чемпионат жыл сайын мыңдаған студенттер мен жас мамандарды біріктіріп, жетекші өнеркәсіптік компаниялар ұсынған нақты өндірістік кейстерді шешу арқылы инженерлік ойлау, аналитикалық және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Биылғы кезеңге Алматы, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Орал және басқа да қалалардан 12 …

Ары қарай оқу
22/04/2025
Жұбанов университетінің студенттері «Таза Қазақстан» фестиваліне қатысты

Жұбанов университетінің белсенді студенттері - Студенттік үкімет Президенті Ақбота Көптілеу және «Eco Madeniet» эко волонтёрлар қозғалысының негізін қалаушы Темірлан Жолдыбай Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Таза Қазақстан» фестиваліне қатысып, экология саласындағы маңызды бастамаларға атсалысты. Фестиваль 2024 жылғы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының қорытынды шарасы ретінде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосқан белсенді қатысушылар мен ұйымдар марапатталды. Экологиялық бастамаларды жүзеге асыруда ерекше белсенділік танытқан еріктілер Мемлекет басшысы тарапынан жоғары …

Ары қарай оқу
22/04/2025
Миннесота университетінің ғалымы қонақ дәрісін өткізді

21 сәуірде Жұбанов университетінде Миннесота университетінің (АҚШ) Ұйымдастырушылық көшбасшылық, білім беру саясаты және даму департаментінің магистратура және аспирантура бағдарламаларының директоры, профессор Bhaskar Upadhyay қонақ дәрісін өткізді. Дәріс барысында шетелдік профессор білім беру зерттеулеріндегі тенденцияларды қарастырып, зерттеу дағдылары туралы сөз қозғады. Айта кетейік, Bhaskar Upadhyay ғылыми қызметін негізінен ғаламдану және STE(A)M - білім беру мәселелеріне арнаған. Өз зерттеулерінде ғалым білім беру саясаты, педагогикалық тәжірибе және қоғам қажеттіліктері арасындағы өзара байланысқа, сондай-ақ …

Ары қарай оқу
22/04/2025
Жұбанов университетінде жоғары оқу орны кітапханаларының цифрлық жаңғыруы мен даму бағыттары талқыланды

2025 жылғы 21 сәуірде Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Ұлттық кітап күніне орай «Кітапхананың заманауи дамуы – цифрлық дәуірге бейімделу» тақырыбында маңызды форум өтті. Іс-шараға еліміздің әр өңірінен жетекші кітапхана мамандары, ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары, қауымдастық өкілдері мен студенттер қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Форумда Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров сөз сөйлеп, кітапханалардың цифрлық дәуірге бейімделуінің маңыздылығын атап өтті. Ол форумның кітапхана қызметін жаңғырту, заманауи технологиялар мен …

Ары қарай оқу
21/04/2025
Арман Исимовтың ғылыми мақаласы әлемнің ең көп қаралған еңбектерінің қатарына енді

Жұбанов университетінің биология кафедрасының доценті, PhD  Арман Исимовтың WILEY халықаралық ғылыми баспасының Veterinary Medicine and Science журналына жарияланған мақаласы ең көп қаралған мақалалардың алғашқы 10 пайызына енді.  Мақала «Батыс Қазақстандағы ірі қара мал арасындағы аусыл ауруымен күрес жөніндегі шағын фермерлердің білімі, көзқарасы және тәжірибесі» тақырыбында жазылған. Бұл зерттеу ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі — аусыл ауруының алдын алу мен күресу бағытындағы шағын шаруашылық иелерінің практикалық дағдыларын талдауға арналған. Айта кетейік, …

Ары қарай оқу
21/04/2025
Жұбанов университетінде «ERG FEST» іс-шарасы өтті

2025 жылдың 18 сәуірі күні Жұбанов университетінде «ERG FEST» іс-шарасы өтті. Бір күндік шара ERG компаниясының «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасы аясында ұйымдастырылды. Шара барысында студенттер «Кәсіпкерлік жобаны әзірлеу және іске қосуда AI құралдарын қолдану» тақырыбында білім беру модулінде тәлім алды. Бұл сессияда жасанды интеллект технологияларының кәсіпкерлік жобаларда қалай қолданылатыны жөнінде тәжірибелі мамандар дәріс оқып, студенттерге инновациялық шешімдерді қалай енгізу керектігін түсіндірді. Сонымен қатар ұйымдастырушылар жобаның мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы презентация …

Ары қарай оқу
21/04/2025
Жұбанов университеті ғалымдарының жобалары гранттық қаржыландыруға ие болды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсында Жұбанов университетінің ғалымдары грант ұтып алды. Атап айтсақ, «Ағылшын және неміс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Әсел Утегенова ұсынған «AP27510383 – Мектеп оқушыларының ұлттық санасын қалыптастыруға Қазақстан мектептеріндегі тілдік ландшафттың тигізетін әсері» жобасы, аға ғылыми қызметкер, PhD Ербол Қуатбайдың «AP27511881 – Отандық ильменит шикізатынан сапалы титан құрамды қож алудың …

Ары қарай оқу
18/04/2025
Студенттер университет аумағын абаттандыруға үлес қосуда

Жұбанов университетінің «Биология» білім бағдарламасының студенттері теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, университет аумағын көркейтуге үлес қосуда. Олар өздерінің жетекшісі, жылыжай меңгерушісі, тәжірибелі агроном Сарбиназ Ешмұратовамен бірге түрлі гүлдер мен көкөніс дақылдарын өсірді. Сарбиназ Ешмұратова өсірілген гүлдер жақын күндері университет аумағына отырғызуға дайын екенін айтты. – Практикалық сабақтар барысында студенттер көпжылдық және біржылдық гүлдердің әртүрлі түрлерін өсірді. Атап айтқанда, көпжылдықтар қатарында канна, калла, хризантема, раушан гүлдері, ал біржылдықтардан шырайгүл, барқыт тағы басқа …

Ары қарай оқу
18/04/2025
Жұбанов университетінің «Күміс университет» жобасы биылғы маусымын сәтті аяқтады

Жұбанов университетіндегі әлеуметтік маңызы зор «Күміс университет» жобасы биылғы маусымын сәтті аяқтады. Бүгін 170-ке жуық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды. Осы жоба аясында олар қазақ тілі, ағылшын тілі, цифрлық сауаттылық, емдік дене тәрбиесі, тігін, шахмат және басқа да бағыттар бойынша 2,5 ай көлемінде білімдерін арттырды.  Университет ректоры Лаура Қарабасова биылғы жылы егде жастағы студенттердің уақытын сапалы ұйымдастыруға да басымдық берілгенін атап өтті.  «Қазіргі еңбек нарығының өзгерісі, жасанды интеллект, ақпараттық толқынның артуы көптеген …

Ары қарай оқу