07/11/2025
Білім мен белсенділік бағаланған күн

Білім алушыларға қолдау көрсету – Жұбанов университетінің басты бағыттарының бірі. Әлеуметтік жауапкершілік пен ынталандыру қағидаттарына негізделген бұл бастама арқылы студенттерге оқу ақысына түрлі деңгейдегі жеңілдіктер берілді. Биыл 250-ден астам білім алушы университет пен серіктестер ұсынған жеңілдіктерге ие болды. Білім мен қоғамдық өмірде белсенділік танытқан студенттерге Жұбанов университеті және «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС атынан жеңілдік сертификаттары табысталды. Сертификаттарды университет ректоры Лаура Қарабасова мен «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Абишев Абдуахит …

Ары қарай оқу
07/11/2025
Ақтөбеде оқу орны Миннесота университетімен бірлескен жобаны қолға алды

Жуырда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде АҚШ-тың Миннесота университетімен бірлескен «Халықаралық зерттеу құзыреттіліктерін дамыту орталығы» ашылады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, еліміздегі университеттерде әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша докторлық диссертацияны сәтті қорғау көрсеткіші әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Университет ректоры Лаура Қарабасованың айтуынша, докторанттар арасында жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, ғылыми журналдарда мақала жариялау қиындықтары, соның ішінде академиялық жазу мен зерттеу этикасы дағдыларының жеткілікті қалыптаспауынан туындайды. Сонымен қатар жас ғалымдарға …

Ары қарай оқу
06/11/2025
Креативті индустрияны дамытудың жаңа бағыттары ұсынылды

Экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналған креативті индустрия тақырыбы «Азамат» интеллектуалды бағдарламасының кезекті шығарылымында талқыланды. Шығарылымда Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері креативті саланы дамыту бойынша пікір бөлісіп, өз көзқарастарын білдірді.  Жұбанов университетінің пікірсайысшылары креативті индустриядағы басты ресурс адамның шығармашылығы мен идеясы екенін атап өтіп, оны өңірлерге бөлудің тиімді еместігін дәлелдеді. Команда бірыңғай шығармашылық экожүйе қалыптастыруды, Креативті индустрия агенттігін құруды, сондай-ақ «Креативті экономика туралы» …

Ары қарай оқу
04/11/2025
Мемлекеттік тіл - ұлт бірлігінің өзегі

Университетте мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпыұлттық диктант ұйымдастырылды. Мәдени-ағартушылық жобаның басты мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және оны кеңінен насихаттау. Шараға университеттің барлық білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары белсене қатысты. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мұндай бастамалар азаматтардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани бірлікті нығайтуға ықпал етеді.

Ары қарай оқу
03/11/2025
Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі кампусында ағылшын тілі бойынша тегін емтихан өтті

Британдық Heriot-Watt University еліміздің батыс өңіріндегі жастарға әлемдік деңгейде білім алуға мүмкіндік ұсынып отыр. Бүгін Ақтөбе қаласындағы университет кампусында ағылшын тілі бойынша тегін емтихан өткізілді. Шетелде білім алуға ниетті 60-қа жуық талапкер емтихан барысында өз деңгейін сынап, кампус оқытушыларынан оқу бағдарламалары мен мамандықтар туралы толық ақпарат алды. Heriot-Watt University Ақтөбе кампусында келесі бағыттар бойынша қабылдау жүргізілуде: – Мұнай инженериясы және энергоменеджмент – Электр энергетикасы – Компьютерлік инженерия Бұл емтихан — …

Ары қарай оқу
03/11/2025
Интеллект пен әділдік айнасы - Zhubanov CUP VII

Университеттің  90 жылдық мерейтойына орай дәстүрлі республикалық «Zhubanov CUP VII» пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты өтті. «Әділетті қоғамның тірегі – адалдық» тақырыбындағы  турнирдің басты мақсаты – еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастар арасында интеллектуалдық әлеуетті арттыру, сыни және аналитикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық мәселелерді талқылау арқылы азаматтық белсенділікті нығайту және әділетті қоғам құндылықтарын дәріптеу. Шараға қатысқан Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Әлиасқар Отарбай, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Самғат Артығалин, қалалық жастар ресурстық орталығы …

Ары қарай оқу
03/11/2025
Мықты университеттер – келешектің фабрикасы

«Қазақстан жаһандық білім нарығының бір бөлігіне айналуды көздеп отыр». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сөзі еліміздің жоғары білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру жолындағы нақты ұстанымды айқындайды. Президенттің айтуынша, бүгінде әлемнің 40 жетекші университетімен серіктестік орнатылып, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылған. Бұл – Қазақстанның білім саласындағы реформаларының нәтижесі және академиялық ықпалдастықтың жаңа кезеңі. Мемлекет басшысы білім беру саласындағы көптілділік пен академиялық ашықтықтың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөліне …

Ары қарай оқу
31/10/2025
Жасанды интеллект пен математикалық модельдеу тоғысындағы жаңа ғылыми жетістік

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Марат Ахмет жетекшілік ететін ғылыми мектептің ғалымдары әзірлеген және Springer халықаралық баспасынан жарық көрген “Artificial Neural Networks” атты монографияның таныстырылымы өтті. Бұл еңбек — математикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын ұштастырған кешенді зерттеу нәтижесі. Монографияда нейрондық желілердің теориялық негіздері, олардың есептеу үдерістерін оңтайландырудағы және интеллектуалды жүйелерді жетілдірудегі қолданбалы аспектілері қарастырылған. Ғылыми басылымның жарық көруі — отандық ғылымның жаһандық ғылыми кеңістікке енуіндегі …

Ары қарай оқу
31/10/2025
Ғылымнан нарыққа дейін: форумда технологиялар трансфері мен инновацияларды дамыту мәселелері талқыланды

«Қазақстан – академиялық білім беру аумағы» стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы аясында цифрландыру, академиялық ұтқырлық, трансұлттық білім беру, инновациялар мен технологиялар трансфері мәселелеріне арналған панельдік және пленарлық сессиялар, сондай-ақ дөңгелек үстелдер өтті. Форум күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі ғылым мен бизнестің интеграциясы болды. ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова модераторлық еткен «Ғылымнан – нарыққа. Технология трансфері» сессиясына ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Спикерлер ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тәжірибесі мен өндірістік серіктестермен өзара іс-қимыл …

Ары қарай оқу
31/10/2025
Стратегиялық серіктестер форумы: AI-Sana Қазақстанның зияткерлік болашағын қалыптастырады

Астанада «Қазақстан – академиялық білім беру аумағы» стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Форум жоғары оқу орындарының ректорлары, аккредиттеу органдарының өкілдері мен шетелдік университет филиалдарының жетекшілерін біріктірді. Іс-шара жоғары білім мен ғылым саласындағы тәжірибе алмасу, жаһандық үрдістерді талқылау және бірлескен шешімдер қабылдау үшін маңызды алаңға айналды. Форумның негізгі іс-шараларының бірі – білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу және цифрлық құзыреттерді дамытуға бағытталған AI-Sana Ceremony болды. Қатысушыларды ҚР Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев құттықтап, AI-Sana бастамасының …

Ары қарай оқу
30/10/2025
Ақтөбе ферроқорытпа зауытына танымдық экскурсия: тәжірибе мен білімнің тоғысы

Соңғы үш жыл бойы «Менеджмент», «Экономика» және «Бизнес әкімшілендіру» білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары э.ғ.к., доцент А. А. Курманалина жетекшілігімен «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» АҚ-на танымдық экскурсияларға қатысып келеді. Экскурсияға қатысушылар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтіп, арнайы жабдықтармен (каска, радиогид, қорғаныс көзілдірігі) қамтамасыз етіледі. Одан кейін олар зауыт аумағындағы негізгі балқыту цехтарын автобуспен аралап шығады. Зауыт барлық цехтары, қоймалары мен газтазалау кешендерімен бірге біртұтас тетік ретінде жұмыс істейді. Алып машиналарды …

Ары қарай оқу
29/10/2025
Университет ректоры студенттердің ұсыныстарын тыңдады

Университет ректоры белсенді және шығармашыл студенттерді жеке қабылдады. Қабылдауда жастардың ұсыныстары мен бастамалары тыңдалып, студенттік өмірді жандандыру және шығармашылық тұлғаларды қолдау мәселелері талқыланды. Кәсіби-шығармашылық факультетінің 1-курс студенті, ақын әрі жазушы Қарақат Әділбек ректорға өзінің алғашқы «Жан сырым» атты кітабын табыстап, екінші кітабының баспаға дайындалып жатқанын айтты. Ол сондай-ақ жеке шығармашылық кешін өткізу туралы өтінішін білдіріп, шығармашылық бағыттағы студенттерді қолдау жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар студенттік үкіметтің президенті, Шет тілдері факультетінің …

Ары қарай оқу