07/10/2024
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі Жұбанов университетіне келді

Жұбанов университетіне Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Жамолиддинхужа Абдукаримов және консул Миртемир Ганиев келіп, университет басшылығымен кездесті.  Кездесуде тараптар қазақстандық жоғары оқу орындарымен Өзбекстанның оқу орындары арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.  Университет ректоры Лаура Қарабасова меймандарды оқу орнының тарихы мен жетістіктерімен таныстырып, Жұбанов университеті Өзбекстанның бірқатар жоғары оқу орындарымен тығыз серіктестік байланыста екенін атап өтті. Одан әрі оқу орнының басшысы мәдени алмасулар және интернационализациялау …

Ары қарай оқу
31/05/2024
Жұбанов университетінде «Жұбанов CUP VI» республикалық пікірталас турнирі өтті

Турнир Қ.Жұбановтың 125 жылдығына орай «Заман біздікі» Интеллектуалды элиталар одағының ұйымдастыруымен өткізілді. Американдық-парламенттік және Линкольн-Дуглас форматтарында өткен ойынға республиканың түкпір-түкпірінен 14-35 жас аралығындағы 34 фракция, 68 спикер қатысты. Пікірсайысшылар Алматы, Атырау, Ақтау, Қостанай және Хромтау қалаларынан келді. Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Еркін Тастанқұлов сайыстың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан еліміздің әр өңірінен келген жастарға алғысын білдірді. Турнир нәтижесі бойынша “Матадор» фракциясы (NARXOZ University) бірінші орынды иеленді. Екінші орын …

Ары қарай оқу
31/05/2024
Жұбанов университетінің спортшылары Тоғызқұмалақтан өткен чемпионатта жеңімпаз атанды

Ақтау қаласында Тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында классика және блиц түрінен Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа 180-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша классика түрінен Ақтөбе облысының ерлер командасы бірінші орынды иеленді. Команда құрамында Жұбанов университетінің «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Азамат Қайдаров және «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенттері Диас Жанбау мен Алмас Тілегенов жеңімпаз атанды. Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Ары қарай оқу
08/12/2023
Жастар жаппай сенбілікке шықты

Ақтөбелік жастар облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қаланы екі айлық санитарлық тазалауға қатысуға шақыруын қолдады. Студент жастар арасынан құрылған бес жүзге жуық белсенділер мен еріктілер аймақ басшысымен бірге 12-шағын аудандағы Мәметова көшесіндегі саябақты қоқыстан тазартты. Шара соңында облыс әкімі белсенділерге алғыс хаттар табыс етті.

Ары қарай оқу
08/12/2023
«Болашақ» бағдарламасына құжаттарды қабылдаудың аяқталуына 4 күн қалды

Магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдамадан өтуге өтініштер eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу онлайн режимінде өтеді және 3 турдан тұрады: кешенді тестілеу, Тәуелсіз сарапшылық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер тек 2 негізгі құжатты – «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын жоғары оқу орындарының тізіміне енгізілген шетелдік жоғары оқу орнынан шақыру …

Ары қарай оқу