Жұбанов университетінде студенттердің зияткерлік және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған «Zhubanov дебат лигасының» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Лиганың басты мақсаты – сыни ойлай алатын, өз пікірін дәлелді түрде қорғап, қоғамдық мәселелерді ашық талқылай білетін талантты жастарды анықтап, оларды қолдау. Бір айға созылған дебат лигасы 3 ойын күнінен және 9 турдан тұрды. Пікірсайысқа барлығы 24 фракция, 48 спикер қатысты. Ұйымдастырушылық және төрешілік құрамда университеттің 2 дебат клубы мен 4 факультеттік деңгейдегі клубтардан …