Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Таза Қазақстан: Қоқыссыз болашаққа қадам» атты өңірлік экологиялық форум өтті. Ақтөбе облысы жастары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық ағартушылық жұмыстарын дамыту және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау мақсатында өткен жиынға экология саласының сарапшылары, ғалымдар, мұғалімдер, мемлекеттік органдар, жастар ұйымдары өкілдері мен еріктілер қатысты. Форумның негізгі тақырыбы жастар арасында экологиялық таза әдеттерді қалыптастыру және табиғатты қорғау мақсатындағы тәжірибелер мен бастамаларды қолдауға арналды. Спикерлер «Жыл волонтері …