Бүгін Жұбанов университетінде профессор-оқытушыларға арналған «Педагогикалық білім беруді жаңғырту» тақырыбында семинар өтті. Айта кетейік, Жұбанов университетінің оқытушылары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Комитетінің қолдауымен Финляндияның Хяме қолданбалы ғылымдар университеті үйлестірген «Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» жобасы шеңберінде кәсіби біліктілігін арттырып келген болатын. Семинар барысында оқытушылар аталған біліктілікті арттыру курсы негізінде игерген тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың мақсаты - профессор-оқытушылардың біліктілігін арттыру …