08/01/2025
Жұбанов университетінің спортшысы әлемдік додада бақ сынайды

Жұбанов университетінің студенті Ернұр Бексұлтан 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында өтетін ХХХІІ Дүниежүзілік Универсиадада Қазақстанның намысын қорғайды. Қазақстан бойынша 120 спортшының ішінен іріктелген ең мықты 12 спортшының қатарында Ернұр Бексұлтан да әлемдік додаға жолдама алды. Ол  қазақтың жас шаңғышысы ретінде танымал. Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионаттарының қатысушысы.  Ернұр Бексұлтанға әлемдік додада сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдіреміз!

Read more
08/01/2025
Рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау тәжірибесімен бөлісті

6-10 қаңтар аралығында Жұбанов университетінде университеттің жетекші профессорлары оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге арналған дәрістер өткізуде. Бүгін алғашқылардың бірі болып, PhD, қауымдастырылған профессор Гульжана Кузембаева «Рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында профессор рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау үдерісі туралы өз тәжірибесімен бөлісіп, осы салада жиі кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, профессор мақала жариялаудың алғашқы кезеңдерінде журналдың бағыт-бағдарын анықтаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл қадам …

Read more
06/01/2025
Мәжіліс депутаттары Жұбанов университетінің профессор-оқытушыларымен кездесті

Бүгін Жұбанов университетіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жұлдыз Сүлейменова мен Қазыбек Әлішев келіп, университеттің профессор-оқытушылар құрамымен маңызды кездесу өткізді. Кездесу барысында отбасылық құндылық, жастарды еңбекке баулу және білім беру саласындағы тәрбие мәселелері кеңінен талқыланды. Жұлдыз Сүлейменова өз сөзінде интеллектуалдық құндылықтардың маңыздылығын атап өтіп, адамның өміріндегі табыс әлеуметтік жағдайға емес, ең алдымен білім мен еңбекке деген ұмтылысқа байланысты екенін айтты. Сонымен қатар, табысқа жету жолында табандылық, еңбекқорлық, кітап оқу, жаңашылдық …

Read more
06/01/2025
Қысқы мектеп – 2025: Жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастыру

2025 жылдың 5-10 қаңтары аралығында Жұбанов университетінде дәстүрлі қысқы мектеп өтуде. Іс-шараға профессор-оқытушылармен қатар менторлар да қатысуда. Биылғы шараның басты тақырыбы – жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастыру. Қысқы мектептің ашылу рәсімінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл тек біліктілікті арттыру алаңы ғана емес, сонымен қатар оқытушылар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігін туғызатын маңызды шара екендігін атап өтті. Айта кету керек, инклюзивті білім беру саласын …

Read more
26/12/2024
Жұбанов университетінде 3D моделдеу шеберханасы ашылды

Бүгін Жұбанов университетінде Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мұса Шаштығарин атындағы 3D моделдеу шеберханасының ашылу рәсімі өтті. Бұл маңызды оқиғаға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Мұса Шаштығариннің туыстары мен достары қатысты. Университет ректоры Лаура Қарабасова оқу орнында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Мұса Шаштығариннің университеттің мәдени өмірінің дамуына қосқан өлшеусіз еңбегін атап өтті. Сонымен қатар, ол өнер мен ғылымды ұштастырған ғалымның мұрасына арналған 3D моделдеу шеберханасының ашылуы …

Read more
25/12/2024
Жыл қорытындысы: 2024 жылғы жетістіктер мен нәтижелер

Бүгін Жұбанов университетінде 2024 жылдың қорытынды есебіне арналған  Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті. Жиынға университет ұжымымен қатар, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, өңірге белгілі қоғам қайраткерлері, өндіріс орындарының бірінші басшылары және студенттер қатысты.  Есептік кездесуде Басқарма Төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова оқу орнының білім беру және ғылыми зерттеу жұмысы, инфрақұрылымы мен әлеуметтік мәселелері туралы баяндады. 2023-2024 оқу жылындағы негізгі нәтижелерді талдап, батыс өңіріндегі ең ірі университеттің  келер жылдағы даму жоспарымен таныстырды. Биылғы жылы Жұбанов …

Read more