Бүгін Хериот-Уотт университетінің Ақтөбе кампусында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға қаламыздың мектептерінен 100-ден астам оқушы қатысты. Оқушылар кампусты аралап, университетке оқуға түсу шарттары, қабылдау талаптары және ұсынылатын мамандықтар туралы маңызды ақпарат алды. Хериот-Уотт Ақтөбе кампусының аға оқытушысы, PhD Әміре Жұмағазиев мамандықтар жөнінде арнайы презентация жасап, болашақ талапкерлерге пайдалы мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, шетелдік профессорлар: Professor Muhammad Arshad, Dr. Muhammad Salman Kigai, Neda Eghtesadi, Daniel Swanson және жергілікті оқытушылар Хериот-Уотт …