Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін қолайлы жағдай жасалып келеді. Университет қабырғасында Инклюзивті білім беру орталығымен қатар бірнеше психологиялық-педагогикалық құрылымдар қызмет етеді. Орталық ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен заманауи жабдықтармен жабдықталған. Атап айтқанда, бақылау және супервизияға арналған жиынтық (Гезелл айнасы және веб-камера), тірек-қимыл аппараты бұзылған және сенсомоторлық бұзылыстары бар тұлғаларға арналған үлкейтілген компьютерлік жабдықтар, тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушыларға арналған …