2025 жылдың 19 тамызында Жұбанов университетінде ректор Лаура Қарабасованың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды. Ректор студенттердің жағдайына, олардың бейімделуі мен жатақханаға орналасуына ерекше назар аударылатынын атап өтті. «Университет ұжымы жастардың сапалы білім алуына қолайлы орта қалыптастыруға дайын болуы тиіс», – деді Лаура Қарабасова. Жиында негізгі бағыттар бойынша есептер тыңдалды. • Қабылдау науқаны: Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова биыл шамамен 3 мың …