11/09/2026
Университет түлегіне "Құрмет" ордені табысталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жоғары нәтижелері үшін университет түлегі Азамат Қайдаровқа «Құрмет» орденін табыстады. Азамат Қайдаров VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында мангала спорты бойынша ел намысын абыроймен қорғап, екі алтын медаль иеленді. Ол – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2019 жылғы түлегі. Азамат Қайдаровты мемлекеттік награда алуымен құттықтаймыз! Спорттық мансабына толағай табыс, жаңа жеңістер тілейміз!

Ары қарай оқу
09/09/2026
Нұрталап Кәрім – VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы

Нұрталап Кәрім – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2026 жылғы түлегі. Ол VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан сынға түсіп, Алтын медаль иеленді.  Құттықтаймыз!

Ары қарай оқу
18/03/2026
Университет түлегі Азамат Әбілқайыр мемлекеттік наградаға ие болды

Университет түлегі, ақын, тележурналист Азамат Әбілқайыр Мемлекет басшысының қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды. Азамат Әбілқайыр – «24KZ» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі, журналист. Еңбек жолын туған қаласында бастап, «РИКА» және облыстық «Ақтөбе» телеарналарында қызмет етті. Университет қабырғасында да белсенді болып, қоғамдық шараларға белсене атсалысты. Ол – «Құдірет» жыр кітабының және балаларға арналған 6 комикс кітабының авторы. Халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жеңімпазы. Жерлесіміз 2012–2016 жылдары филология кафедрасында, Қазақ тілі мен әдебиеті …

Ары қарай оқу