10 қазан — Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай Жұбанов университетінде «Білім беру саласының қатысушыларының психикалық денсаулығын қолдау: психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және менторлардың өзара іс-қимылы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім алушыларды жан-жақты қолдау жүйесін дамыту және мамандардың кәсіби өзара іс-қимылын күшейту жолдары талқыланды. Университет түлегі, “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Медеухан Жасажанова қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыруға арналған заманауи тәсілдерді таныстырды. Денсаулық және салауаттылық орталығының жетекшісі Анна …