29/10/2025
Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің білім бағдарламалары Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығында мамандандырылған аккредиттеуден өтеді. Білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі 2025 жылғы 30-31 қазан аралығында гибридті форматта өтеді. Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін білім бағдарламалары: 6В05102-Биотехнология 6B07206-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы 6B07105-Химиялық инжиниринг 6B07106-Электроэнергетика 6B07205-Мұнай-химия өндірісінің технологиясы 6B07303-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру 6B01701-Қазақ тілі мен әдебиеті 6B01702-Орыс тілі мен әдебиеті 6B01704-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті 7M01405-Визуалды өнер, көркем еңбек, графика …

Ары қарай оқу
28/10/2025
Математикадағы хаос пен тұрақсыздық: Марат Ахмет дәрісі

Түркияның Таяу Шығыс техникалық университетінің профессоры, Қазақстандық ғалым, математика ғылымдарының докторы Марат Ахмет физика-математика факультетінің студенттері мен оқытушыларына “The Uncertainty principle for ultra Poincare and Lorenz chaos” тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.  Дәрісте профессор математикадағы динамикалық жүйелерде болатын тұрақсыздық, хаос режиміне жан-жақты тоқталды. Оның осы алаңдағы зерттеулері нәтижесінде 2024 жылы «Ultra Paincare chaos and alpha labeling» атты кітабы жарық көрген.  Ғалым 1998 жылдан бері Түркия Республикасында ғылыми қызметпен айналысып келеді. Еңбек …

Ары қарай оқу
28/10/2025
Бірлік пен рух мерекесі - Республика күні!

Тарихы терең, тағылымы биік ел үшін елеулі күнге орай университетте мерекелік концерт өтті.  Ұлық мерекені ұлықтап, жастар арасында отаншылдықты насихаттаған іс-шараға университет әкімшілігі, оқытушылық құрам мен студенттер қатысты.  Іс-шарада Жұбанов университетіне қолдау білдіріп, дамуына өз үлесін қосып жүрген бірқатар ел азаматтары Басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасованың Алғыс хатымен марапатталды.  Ғылым жолында еңбек етіп, еліміздің білім және ғылым саласына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар оқытушылар:  * “Ахмет Байтұрсынұлы”, ”Ана тілін дамытуға қосқан …

Ары қарай оқу
24/10/2025
Білім сапасын арттыру және педагог даярлау ісі – бірлескен жауапкершілік

Университет ректоры және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы қаладағы мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесуде мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім сапасына әсер ететін маңызды мәселелер жан-жақты талқыланып, бірлескен іс-әрекеттер жоспары бекітілді. Тараптар педагог кадрларды даярлау, кәсіби бағдар беру және ғылыми бағыттағы ынтымақтастықты күшейту бойынша нақты ұсыныстар ұсынды. Педагогикалық практиканы жетілдіру мақсатында студенттерді кадр тапшылығы бар білім беру ұйымдарына ұзақмерзімді практикаға бекіту тетігі қарастырылуда. Бұл тәсіл …

Ары қарай оқу
23/10/2025
Студенттердің психологиялық жай-күйі мен қауіпсіздігі басты назарда

Студенттердің қауіпсіздігі мен психологиялық қолдау мәселелеріне арналған кездесу өтті. Университет ректоры факультет декандарымен өткен жиында студенттерге этикалық тұрғыда дұрыс қарым-қатынас жасау, оқу және тұрмыстық мәселелер бойынша қолдау көрсету, сондай-ақ ата-анамен өзара түсіністік орнату бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Студенттер арасында буллинг, әлімжеттік және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларының маңызы ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, университеттің ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау – оқу процесінің мәдениеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды …

Ары қарай оқу
23/10/2025
Ортақ заң, бір мүдде

«Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері үшін Ақтөбе облысының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаменті өкілдері қонақ дәріс өткізді. Кездесуде құқықтық статистика жүйесінің қызметі, құқық бұзушылықтардың алдын алу тәсілдері және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды. Мұндай дәрістер студенттердің кәсіби даярлығын нығайтып, тәжірибелік білімін толықтырады.

Ары қарай оқу
23/10/2025
Құқықтық мәдениет – қоғамның тұрақтылық негізі

Қоғамның өркениетті дамуы ең алдымен азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен заңға деген құрметінен басталады. Сол себепті білім беру ұйымдары мен құқық қорғау құрылымдарының серіктестігі – құқықтық мәдениетті қалыптастырудың тиімді тетігі болып отыр. Осы бағытта Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Ақтөбе облысының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаменті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат студент жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырумен қатар, заң саласында білім алып жатқан …

Ары қарай оқу
23/10/2025
Жастарды қолдау бағытында жаңа келісім жасалды

Университетіміздің белсенді студенттері Қазақстан студенттер альянсының төрағасы, республикалық студенттік омбудсмен Ұлан Наукенмен кездесті. Кездесу студенттік өзін-өзі басқаруды жетілдіру және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Ұлан Наукен студенттердің қоғамдағы рөлін айқындап, көшбасшылық пен әлеуметтік бастамаларды дамытудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Жұбанов университеті – Ақтөбе жастарының белсенді орталығының бірі. Университет басшылығы жастар саясатын қолдап, олардың идеяларын іске асыруға мүмкіндік беріп келеді. Кездесу соңында Жұбанов университеті мен Қазақстан студенттер альянсы арасында …

Ары қарай оқу
22/10/2025
Өндірістік үдерістерді цифрландыру

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде дәстүрлі «Табысты түлек – 2025» фестивалі өтті. Бұл шараның басты мақсаты – студенттер мен түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру, жұмыс беруші ұйымдармен тікелей байланыс орнату және еңбек нарығындағы өзекті мүмкіндіктермен таныстыру болды. Іс-шара аясында университеттің ғылыми жетістіктері мен өңірлік мекемелердің интерактивті көрмесі, технологиялық стендтер мен VR-көріністер ұйымдастырылып, жұмыс берушілермен ашық диалог алаңы құрылды. Сондай-ақ студенттерге арналған мансап кеңестері мен резюме, LinkedIn-профиль құру бойынша практикалық шеберлік …

Ары қарай оқу
22/10/2025
Жұбанов университетінің студенті чемпион атанды

Дәулет Төлемісов - бокстан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының жеңімпазы!  Оның жеңісі - Ақтөбе боксындағы маңызды жетістік. Ол тарих жаңартып, өңіріміздің атын 14 жылдан кейін қайтадан жеңіс тұғырынан көрсетті.  Дәулет - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің  “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының 4-курс студенті.  Бұған дейін Дәулет сәуір айында Бразилияда өткен Әлем кубогында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып, алтын медаль иеленді.  Спортшымыздың әрдайым биіктен көрінуіне тілектеспіз!

Ары қарай оқу
22/10/2025
Жұбанов университетінің студенті АҚШ-та өткен байқауда гран-при иеленді

“Ossi di Seppia – Guttlefish Bones ” халықаралық байқауында «Дизайн» білім беру бағдарламасының студенті Альфия Усакаеваның туындысы  үздік деп танылды.  Жеңімпаздың линогравюра техникасымен жасалған айрықша картинасын қазылар құрамында болған Италияның Жаңа Зеландиядағы елшісі Кристиано Маджипинто мен Жаңа Зеландиядағы Виктория университетінің ректоры Алан Джадж  жоғары бағалады. «Бұл экслибриске Эудженио Монталенің «Ossi di Seppia» шығармасы шабыт сыйлады. Картинада бейнеленген рим цифрлары бар шиыршық тәрізді теңіз қабыршағы уақыттың шексіз қозғалысын және ішкі толғанысты …

Ары қарай оқу
21/10/2025
Зерттеушілерге арналған заманауи стратегиялар

Анадолу университетінің профессоры, доктор Семра Гюнай өткізген “Leaving an Academic Legacy: From Project Proposal to Publication Strategies in Prestigious Journals” атты ғылыми-әдістемелік семинар жас зерттеушілер үшін ерекше тәжірибе алаңына айналды. Семинар барысында профессор ғылыми жобаны идеядан халықаралық басылымға дейін жеткізудің толық циклін көрсетті: — жоба тұжырымдамасын қалыптастыру; — тиімді ұсыныс жазу қағидалары; — мақаланы беделді журналға дайындау және жариялау кезеңдері; — ғылыми этика мен рецензиялау үдерісіне дайындық. Тәжірибелі ғалымның айтуынша, …

Ары қарай оқу