2025 жылдың қорытындысы: Жоғары білімге қолжетімділік Биыл Қазақстанда қанша шетелдік ЖОО-ның филиалы ашылды? Ғылымды коммерцияландыру қалай жүзеге асырылып жатыр?
2025 жылдың қорытындысы: Жоғары білімге қолжетімділік Биыл Қазақстанда қанша шетелдік ЖОО-ның филиалы ашылды? Ғылымды коммерцияландыру қалай жүзеге асырылып жатыр?
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг» кафедрасы ұйымдастыруымен «Қаржы» халықаралық студенттік онлайн-олимпиадасы өтті. Іс-шараға 6 елден 17 оқу орнынан 300-ден астам студент қатысты. Олимпиаданың екінші кезеңіне 55 студент өтті. Олар 20 сұрақтың 18-іне немесе одан да көбіне дұрыс жауап беріп, іріктеу кезеңінің тапсырмаларын сәтті орындады. Жеңімпаздар барлық олимпиадалық тапсырмаларды орындау нәтижесінде жинаған ұпайлары негізінде қалыптастырылған рейтингтік кесте бойынша анықталды. I дәрежелі Лауреат дипломдары – …
Университет ректоры Лаура Қарабасова “Ақтөбе хром қосындылары зауыты” АҚ бас директоры Валерий Иванович Гриненкомен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ғылым мен өндіріс саласындағы өзара ынтымақтастықты тереңдету, жастарды жұмыспен қамту және дуальды білім беру жүйесін дамыту мәселелерін талқылады. Өз сөзінде Валерий Гриненко студенттерге теориялық және практикалық білімді ұштастыра отырып оқытудың маңыздылығын және бұл бағытта университеттің ғылыми және материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ, ынтымақтастық аясында зауыттың жетекші технолог мамандары …
Университет ректоры және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы қаладағы мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесуде мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім сапасына әсер ететін маңызды мәселелер жан-жақты талқыланып, бірлескен іс-әрекеттер жоспары бекітілді. Тараптар педагог кадрларды даярлау, кәсіби бағдар беру және ғылыми бағыттағы ынтымақтастықты күшейту бойынша нақты ұсыныстар ұсынды. Педагогикалық практиканы жетілдіру мақсатында студенттерді кадр тапшылығы бар білім беру ұйымдарына ұзақмерзімді практикаға бекіту тетігі қарастырылуда. Бұл тәсіл …
Heriot-Watt University Ақтөбе кампусына биылғы оқу жылында түскен студенттердің қатарында шетелден келген жастармен бірге өңіріміздегі мектептердің үздік түлектері де бар. Халықаралық деңгейдегі білім ордасын таңдаған талапкерлер өз салаларында ағылшын тілінде білім алып, оқу аяқталған соң Heriot-Watt және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қос дипломына ие болмақ. Осыған орай университет өкілдері білімді шәкірттерді тәрбиелеген қаладағы бірқатар мектептерге арнайы барып, мектеп директорларына ректордың алғыс және құттықтау хаттарын табыстады. Мектеп басшылары өз …
Жұбанов университетінде ағылшын тілі курсын сәтті аяқтаған оқытушылар мен қызметкерлерге салтанатты түрде сертификаттар табысталды. 2024–2025 оқу жылына арналған ағылшын тілі курсын 90-ға жуық профессор-оқытушылар мен қызметкерлер сәтті аяқтап отыр. Курс 2024 жылдың қараша айынан бастап 2025 жылдың мамыр айына дейін 6 ай көлемінде ұйымдастырылды. Қатысушылар Beginner, Elementary және Pre-Intermediate деңгейлеріне сәйкес топтарға бөлініп, сабақ алды. Курсты халықаралық деңгейдегі CELTA және IELTS сертификаттарына ие кәсіби оқытушылар жүргізді. Айта кетейік, интенсивті ағылшын …