27/02/2026
Ақтөбе облысының студент жастары жаңа Конституция жобасын талқылауға белсенді атсалысты

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті алаңында жаңа Конституция жобасын талқылау және оның негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.  Университеттің жоғары курс студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен Ерлан Қарин кездесті. Іс-шара барысында Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасын әзірлеу үдерісі мен оның ел болашағы үшін маңызы туралы жан-жақты баяндады.  Өз сөзінде ол Қазақстанның тағылымды тарихы мен маңызды белестер арқылы қалыптасқан көпқырлы даму жолын атап өтті. Бүгінде мемлекет өзінің жаңа …

Ары қарай оқу
25/02/2026
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Конституциялық жаңғыру: құқықтық мемлекетке қадам» тақырыбында кездесу өтті. Оған құқықтану кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент Айнұр Нурутдинова, Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсембин қатысып, жиналғандарға Конституциялық реформаның мазмұнын түсіндірді. Кездесу барысында сарапшылар еліміздегі жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, адам құқығын қорғау тетіктерін жетілдіру, қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығы және әр азаматтың жауапкершілігі жайында сөз қозғады. Іс-шара барысында …

Ары қарай оқу
20/02/2026
Жаңа Конституция жасампаздық пен жаңашылдықты қолдайды

Студенттер сарайында «Жаңа Ата Заң және жалпыұлттық құндылықтар» тақырыбында облыс жастарының қатысуымен TEDx форматында ашық форум өтті. Форумға түрлі салада табысқа жетіп, қоғам өміріне белсенді араласып жүрген спикерлер қатысты.  Олардың қатарында облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасова, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, сондай-ақ халық қалаулылары мен студент жастар болды. Шараның басты мақсаты - конституциялық реформаның мазмұнын жан-жақты …

Ары қарай оқу
21/01/2026
ЖИ мамандарын өңірлерге арнайы шақыру ұсынылды — Құрылтай

KAZINFORM — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры, Ұлттық құрылтай мүшесі Лаура Қарабасова цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы кадр даярлау мәселесін көтерді. — Жасанды интеллект — ойлау, еңбек, білім жүйесін өзгертетін өркениеттік бетбұрыс. Жоғары оқу орындары бұл процестен қалыс қалмауы үшін мықты практик мамандар керек. Алайда еңбек нарығында университеттер бизнес-сектормен тең дәрежеде бәсекелесе алмайды. Сондықтан цифрландыру және жасанды интеллект бағытындағы білім беру бағдарламаларын қаржыландырудың тиімді тетіктерін қарастыру қажеттігі туындап отыр, …

Ары қарай оқу
08/01/2026
Цифрлық трансформация институционалдық деңгейде іске асып жатыр

2025 жылы жаһандық дамудың басты тренді жасанды интеллект болды. Бұл технология елдің экономикалық қуатына, еңбек нарығына және технологиялық көшбасшылығына ықпал ететіндіктен, озық елдер бұл бағытты өз басымдығына айналдырып отыр. Осы тұрғыда елімізде цифрландыру мен жасанды интеллект бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетінде жарияланған сұхбаты — осы стратегиялық бағыттың айқын көрінісі. Президенттің «Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек», деген пікірі — нақты нәтижелермен өлшеніп отырған мемлекеттік саясат. …

Ары қарай оқу
17/12/2025
Ақтөбеде университет ғимаратының құрылысы басталды

Ақтөбеде халықаралық университеттің жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Ұлыбританияның жетекші техникалық университеті филиалы екі жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасына сай ашылған еді.  Білім ордасы бұған дейін Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде орналасқан. Қазір негізгі оқу-зертханалық корпусының құрылысы қолға алынды.  Хериот-Уотт университетінің Ақтөбедегі кампусында 518 студент білім алады. Олар «Электр энергетикасы», «Компьютерлік инженерия», «Мұнай инженериясы және энергия менеджменті» мамандықтарын игеріп жүр. Білім беру бағдарламасы халықаралық стандартқа сай. Ақтөбе кампусының түлегі британдық және мемлекеттік …

Ары қарай оқу