06/04/2026
Белсенді студенттерге оқу ақысына жеңілдік берілді

Әлеуметтік қолдау аясында қоғамдық өмірге белсенді қатысып, түрлі бағыттарда жоғары жетістіктерге қол жеткізген, ақылы негізде оқитын 40 білім алушыға оқу ақысына жеңілдік сертификаттары табысталды. Аталған қолдау білім алушыларды ынталандыруға, олардың академиялық және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Жеңілдік сертификаттары оқу үдерісінде үздік нәтижелер көрсетіп, университеттің қоғамдық, мәдени және ғылыми өміріне белсене араласып жүрген әлеуметтік санаттағы жастарға ұсынылды. Бұл шара университеттің білім алушыларды жан-жақты қолдауға бағытталған әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі болып саналады …

Ары қарай оқу
29/01/2026
Әлеуметтік қолдау аясында студенттерге жеңілдік сертификаттары табысталды

Жоғары білім берумен қатар білім алушылардың әлеуметтік жай-күйін назарда ұстау, жастардың сапалы білім алуы үшін жағдай жасау – университеттің басты қағидаттарының бірі. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жүйелі жұмыстар нәтижесінде 150-ге жуық білім алушы серіктес компания ұсынған жалпы сомасы 82,6 миллион теңгені құрайтын жеңілдіктерге ие болды.  Оқуда озат, қоғамдық өмірде белсенді, ізденімпаз студенттерге «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниясы тарапынан оқу ақысына жеңілдік сертификаттары табысталды. Бұл бастама білім мен өндіріс арасындағы өзара ықпалдастықты …

Ары қарай оқу
29/12/2025
Студенттік өзін-өзі басқару: болашақ көшбасшылар алаңы

Университетте студенттік бастамаларды қолдау және жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру аясында Басқарма төрағасы – Ректор Лаура Қарабасова белсенді білім алушылармен кездесті. Кездесуде Студенттік парламент президенті 2025 жылы жүзеге асқан “Таза бейсенбі”, “Ұлттық сезім”, “Campus Wave” жобаларының нәтижелерімен таныстырып, белсенді студенттер санының 15%-ға артқанын атап өтті. Ректор білім алушылардың азаматтық белсенділігі мен көшбасшылық әлеуетін жоғары бағалап, университет өміріне белсене араласқан үздік студенттердің ата-аналарына Алғыс хаттар табыстады.

Ары қарай оқу
22/12/2025
Зияткер жастар жеңіс тұғырынан көрінді

Университеттің пікірсайыс қозғалысының белсенді өкілдері Асхат Есенов пен Батыржан Сапарғали «Азамат» интеллектуалды бағдарламасында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді.  Жартылай финал кезеңінде пікірсайысшылар “Жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастырудың жолдары” тақырыбы төңірегінде ой жарыстырып, өз ұстанымдарын теориялық тұжырымдар мен мысалдар негізінде жүйелі түрде қорғады.  Республикалық пікірсайысқа еліміздің 100 жоғары оқу орны арасынан іріктелген 32 команда қатысып, өзара бақ сынады. Пікірталас барысында қатысушылардың аналитикалық ойлау қабілеті, сыни талдау дағдылары, дәлелді аргументация жүргізу …

Ары қарай оқу
08/12/2025
Білім мен шығармашылық интеграциясы: дарынды жастардың жеңісі

Білім беру кеңістігінде жастардың түрлі саладағы әлеуетін дамытудағы маңызды тетік – олардың таланты мен дарынын қолдап, жетістіктерін дәріптеу.  Осы бағыттағы қолдау шаралары аясында университет ректоры Лаура Қарабасова республикалық, халықаралық деңгейдегі зияткерлік, шығармашылық және спорттық сайыстарда бақ сынап, жоғары нәтижелерге қол жеткізген білім алушылармен кездесті.  Кездесу барысында ректор жеңімпаз жастардың жетістіктерін ерекше атап өтіп, олардың белсенділігі мен таланттары жоғары бағаланатынын, табандылығы мен еңбектері кәсіби даму жолында септігін тигізетінін айтты.    Білім …

Ары қарай оқу
07/11/2025
Білім мен белсенділік бағаланған күн

Білім алушыларға қолдау көрсету – Жұбанов университетінің басты бағыттарының бірі. Әлеуметтік жауапкершілік пен ынталандыру қағидаттарына негізделген бұл бастама арқылы студенттерге оқу ақысына түрлі деңгейдегі жеңілдіктер берілді. Биыл 250-ден астам білім алушы университет пен серіктестер ұсынған жеңілдіктерге ие болды. Білім мен қоғамдық өмірде белсенділік танытқан студенттерге Жұбанов университеті және «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС атынан жеңілдік сертификаттары табысталды. Сертификаттарды университет ректоры Лаура Қарабасова мен «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Абишев Абдуахит …

Ары қарай оқу