10/03/2026
Профессор Гүлбану Ізбасароваға академик Н.Базанова атындағы марапат табысталды

Профессор, тарих ғылымдарының докторы Ізбасарова Гүлбану Болатқызы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы тағайындаған отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Нәйлә Базанова атындағы марапатқа ие болды.  Академик Нәйлә Базанова атындағы марапат – жоғары ғылыми нәтижелерге қол жеткізген, маңызды жаңалықтар ашқан және қолданбалы зерттеулердің дамуына елеулі үлес қосқан әйел-ғалымдарды ынталандыруға, олардың жетістіктерін кеңінен насихаттауға бағытталған  құрмет белгісі. Биыл бұл марапат 66 зерттеуші әйел-ғалымға табыс етілді.  Гүлбану Болатқызы – 150-ден астам оқу-әдістемелік және …

Ары қарай оқу
10/03/2026
Ақтөбедегі Heriot-Watt кампусының студенті «Шапағат» медалімен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлығына сәйкес «Шапағат» медалімен Жұбанов университетінің базасында орналасқан Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының 3 курс студенті Кадын Аида Витальевна марапатталды. Аида Витальевна – «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы аясында жұмыс істейтін «Сөйле» тілдесу клубының қазақ тілі бойынша жетекшісі. Ол мемлекеттік тілді насихаттауға және тіл үйренуге ниетті азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған еріктілік бастамаларға белсенді қатысып келеді. «Шапағат» медалі азаматтарға белсенді әрі …

Ары қарай оқу
02/03/2026
Ғылыми нәтижелер талданып, жаңа міндеттер айқындалды

Университетте ғылыми кеңес отырысы өтті. Жиында 2025 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы және 2026 жылға арналған басым бағыттар қаралды. Ғылыми жобалардың тиімділігі, жарияланым белсенділігі, халықаралық ынтымақтастық және жас ғалымдарды қолдау тетіктері кеңінен талқыланды.  2025 жылы қорытындысы бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылатын 37 гранттық жоба жүзеге асырылды. Халықаралық Scopus және Web of Science ғылыми басылымдар базасында университет ғалымдары тарапынан 235 мақала жарияланды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде Ұлттық зияткерлік меншік институтынан …

Ары қарай оқу
02/03/2026
Білім. Мамандық. Болашақ: кәсіби бағдар берушілер форумы

Жұбанов университетінде кәсіби бағдар берушілерге арналған республикалық форум өтті. Шара аясында кәсіби бағдар беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастықты күшейту, еңбек нарығы сұранысына сай мамандар даярлау, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану бағытында ұсыныстар айтылды.  Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев мамандық таңдаудың маңызы мен шекті балдар туралы тың ақпарат бөлісті.  ҰТО ресми серіктесі, IT жобалаушы, педагог Айдос Жұманазар жасанды интеллект дәуірінде кәсіби бағдар …

Ары қарай оқу
26/02/2026
Бейнелеу өнерінің халықаралық алаңы: «ART Turan» көрмесі

Жұбанов университеті мен К.Бехзод атындағы Ұлттық өнер және дизайн институтының ынтымақтастығы аясында “ART Turan” халықаралық көрмесі өтті. Аталған көрме өнер мен мәдениет кеңістігіндегі шығармашылық байланысты нығайтуға, жас суретшілер мен кәсіби қылқалам шеберлерінің туындыларын кеңінен таныстыруға бағытталды. Халықаралық форматта ұйымдастырылған шараға студенттер мен шетелдік суретшілердің бірлескен жұмыстары қойылып, бейнелеу өнерінің түрлі бағыттары қамтылды. Көрме барысында кескіндеме, графика, заманауи арт және авторлық шығармалар ұсынылды. Шара өнер арқылы екі оқу орны арасындағы шығармашылық …

Ары қарай оқу
25/02/2026
Конституциялық жаңғыру: құқықтық мемлекетке қадам

Университетте Конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіруге, жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтық белсенділікті дамытуға бағытталған кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушылар еліміздегі Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын, адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелерін, қоғамдағы заң мен тәртіп қағидатының маңыздылығын және әр азаматтың қоғамдық жауапкершілігін талқылады.  Сонымен қатар құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына ерекше назар аударылды. Іс-шараға заң саласының өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы мен жас мамандар қатысты. Сарапшылар …

Ары қарай оқу