6-10 қаңтар аралығында Жұбанов университетінде университеттің жетекші профессорлары оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге арналған дәрістер өткізуде. Бүгін алғашқылардың бірі болып, PhD, қауымдастырылған профессор Гульжана Кузембаева «Рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында профессор рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау үдерісі туралы өз тәжірибесімен бөлісіп, осы салада жиі кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, профессор мақала жариялаудың алғашқы кезеңдерінде журналдың бағыт-бағдарын анықтаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл қадам …