Университет туралы
Университет тарихы
Университеттің дамуы
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов
Корпоративтік басқару
Алқалы органдар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Профессор-оқытушылар құрамы
Құқықтық негіз беретін құжаттар
Аккредиттеу. Сертификаттар. Рейтингтер
Аудиторлық қорытынды
Кәсіподақ ұйымы
Біздің ресурстар
Университет мұражайы
Білім бағдарламалары
Академиялық ұтқырлық
Университеттің академиялық саясаты
Академиялық күнтізбе
Ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметті басқару құрылымы
Ғалымдары
Диссертациялық Кеңестер
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы
Байқаулар
Коммерциаландыру кеңсесі
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Студенттік парламент
Студенттердің жетістіктері
Нормативті-құқықтық құжаттар
Денсаулық және салауаттылық орталығы
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ
АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ӨЗІНДІК ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМДАР
Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттардың түрлері: Қ. Жұбанов атындағы АӨУ директорлар Кеңесімен 11.03.2021 ж. № 2 хаттамамен бекітілген (21.12.2021ж. өзгерістер мен толықтырулармен, №4 шешім) бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом, магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом, философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом.
Өзіндік үлгідегі құжаттарды беру үшін негіз болып келетін - ол білім алушылардың қорытынды аттестаттаудан өткені туралы куәландыратын және олардың тиісті білім деңгейін толық көлемде меңгергенін растайтын аттестаттау комиссиясының шешімі. Философия докторы (PhD) берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом үшін – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің бұйрығы.
Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттар университет түлектеріне тегін негізде беріледі.
Дипломдардың беткі жағында ЖОО атауы мен логотипі көрсетіледі.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарға, қосымша беттер бланкілерінің, қосымшалардың мазмұнына мыналар кіреді:
1) ЖОО атауы;
2) түлектің Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда);
3) білім беру бағдарламасының коды және атауы;
4) берілетін дәреже;
5) дәреже беру туралы аттестаттау комиссиясының отырысы хаттамасының күні мен нөмірі ((PhD) философия докторы дипломы жағдайында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің бұйрығының күні және нөмірі);
6) оқыту формасы;
7) университет басшысының қолы;
8) реттік тіркеу нөмірі;
9) берілген күні және орны (қаласы);
10) университет мөрі.
Өзіндік үлгідегі дипломдарда институционалдық аккредиттеу бойынша аккредиттеу агенттігінің логотипі орналасқан. Өзіндік үлгідегі диплом қосымшаларының бланкілерінде осы білім беру бағдарламасы аккредиттелген аккредиттеу агенттігінің атауы жазылған. Қ.Жұбанов атындағы АӨУ білім беру бағдарламалары келесі аккредиттеу органдарымен аккредиттелген:
ҚР аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі
KAZSEE Қазақстандық инженерлік білім беру қауымдастығы
RQA Аккредиттеу және сараптама жөніндегі тәуелсіз агенттік білім беру сапасы
Қосымша парақтардың бланкілері мынадай түрде үш тілде толтырылады:
1) "Жоғары оқу орнының толық атауы" жолында оқу орнының ресми атауы көрсетіледі;
2) "Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)" деген жолда оқуды аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жеке басты куәландыратын құжаттағы (не оны алмастыратын құжаттағы) жазбаға сәйкес толық жазылады. Шетелдік азамат үшін "тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)" деген жолда шетелдік паспорттың деректері бойынша жазылады;
3) "Мамандықтың және (немесе) білім беру бағдарламасының коды және атауы" жолында білім беру бағдарламасының коды, атауы көрсетіледі;
4) "Дәрежесі берілді" деген жолда берілетін дәреженің атауы көрсетіледі;
5) "Оқыту нысаны" деген жолда оқыту нысаны көрсетіледі. Білім алушылар қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, білім беру бағдарламалары пәндерінің 50% - дан астамын игерген кезде "оқыту нысаны" деген жолда "қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып"деген тиісті белгі көрсетіледі.
Университет басшысының қолы бланкілерде қара пастасы бар шарикті қаламмен қойылады. Мөрге бөлінген орынға оқу орнының мөрі қойылады. Берілген күні, қаласы және тіркеу нөмірі.
ҚР БҒМ университеттің өтінімі бойынша білім туралы құжаттың әрбір түрі үшін өзіндік үлгідегі серия мен реттік нөмірлеуді белгілейді.
Әр түлекке диплом нөмірлерін жасағаннан кейін QR коды беріледі, ол дипломның артқы жағында көрсетіледі. QR коды арқылы білім туралы дипломдардың шынайылығын тексеруге болады.
Философия докторы (PhD) дипломына Қосымша келесідей толтырылады:
1) Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)" деген жолда оқуды аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жеке басты куәландыратын құжаттағы (не оны алмастыратын құжаттағы) жазбаға сәйкес толық жазылады. Шетелдік азамат үшін "тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)" деген жолда шетелдік паспорттың деректері бойынша жазылады;
2) «Білім беру бағдарламасы» деген жолда білім беру бағдарламасының коды және атауы толтырылады.
3) «Диссертация тақырыбы» деген жолда қорғаған докторлық диссертация тақырыбы толтырылады;
4) «Ғылыми кеңесшілер» деген жолда отандық және шетелдік кеңесшілердің аты-жөні, ғылыми дәрежесі және атағы (болған жағдайда) толтырылады.
5) «Ресми рецензенттер» деген жолда ресми рецензенттердің аты-жөні, ғылыми дәрежесі және атағы (болған жағдайда) толтырылады.
Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттардың мынадай сериялары бар:
1) бакалавр –дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом - BA-А; (Диплом үлгісі)
2) магистр –дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом-MA-А. (Диплом үлгісі)
3) философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом – PhD. (Диплом үлгісі)
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарға қосымшалар үш тілде мынадай түрде толтырылады:
1) "Тегі" жолында түлектің тегі толық көрсетіледі;
2) "Аты, әкесінің аты (бар болса)" деген жолда бітірушінің аты мен әкесінің аты толық көрсетіледі;
3) "Туған күні" жолында сандармен түлектің туған күні, айы және жылы көрсетіледі;
4) "Алдыңғы білім туралы құжат" деген жолда осы адамның ЖЖОКБҰ-ға қабылдануына негіз болған білім туралы құжаттың атауы, құжаттың нөмірі және оның берілген жылы көрсетіледі. Егер алдыңғы білім туралы құжат шетелде алынған жағдайда, оның мемлекеттік, орыс және басқа тілдерге аударылған атауы және осы құжат берілген елдің атауы көрсетіледі;
5) "Түсу сынақтары" жолында ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттың түрі, нөмірі, берілген күні көрсетіледі.
6) "Түсті" жолында бітіруші түскен оқу орнының толық атауы және жылына сәйкес төрт таңбалы сандармен көрсетіледі;
7) "Бітірді" деген жолда бітіруші бітірген оқу орнының толық атауы және төрт таңбалы сандармен жазылған жылы;
8) "Жалпы игерілген академиялық кредиттердің саны - ECTS" жолында-кредиттер саны цифрлармен көрсетіледі;
9) "Оқытудың орташа өлшемді бағасы (GPA)" жолында - оқудың барлық кезеңіндегі орташа балл цифрлармен көрсетіледі;
10) "Кәсіптік практика" деген жолда академиялық кредиттердің атауы, саны - ECTS және бағасы (әріптік баламада, балмен және дәстүрлі (жазумен) көрсетіледі);
11) "Қорытынды аттестаттау" деген жолда: егер дипломдық жобаның (жұмыстың) орнына кешенді емтихан тапсырылса, онда кіретін пәндердің атауымен, академиялық кредиттер санымен – ECTS кешенді емтихандар көрсетіледі және бір баға қойылады (әріптік баламада, балдарда және дәстүрлі (жазумен));
12) "Орындау және қорғау" деген жолда дипломдық жоба (жұмыс) немесе диссертация тақырыбының атауы, академиялық кредиттер санымен - ECTS және бағамен (әріптік баламада, баллдарда және дәстүрлі (жазумен)) көрсетіледі.
13) "Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкестік деңгейі" жолында мынадай деңгей цифрлармен көрсетіледі: бакалавриат үшін – 6, магистратура үшін – 7, докторантура үшін – 8;
14) "Теориялық оқыту" жолында Пәндердің атауы, академиялық кредиттердің саны – ECTSпен. Бағалау (әріптік баламада, балмен және дәстүрлі (жазумен)). Осы білім беру бағдарламасы үшін университеттің оқу жоспарымен айқындалған пәндерден жоғары түлек оқыған пәндер және бұрын ол оқыған барлық басқа оқу орындарында оқыған пәндер университет қайта тапсырған пәндер белгіленген тәртіппен қосымшаға енгізіледі.
15) "Теориялық оқудың академиялық кредиттерінің саны" және "Теориялық оқыту ECTS кредиттерінің саны" жолында - Теориялық оқыту кредиттерінің саны цифрлармен көрсетіледі;
16) "Аттестаттау комиссиясының шешімімен" деген жолда хаттаманың нөмірі және күні цифрлармен көрсетіледі;
17) "Тағайындалды (берілді)" деген жолда дәреже көрсетіледі;
18) "Мамандығы және (немесе) білім беру бағдарламасы бойынша" деген жолда бітіруші оқыған жағдайда білім беру бағдарламасының коды мен атауы, траекторияның атауы көрсетіледі.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың қосымшаларына университет басшысы қол қояды. Мөрге бөлінген орынға оқу орнының мөрі қойылады.
Дипломға қосымшасыз жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бітіргені туралы Диплом жарамсыз болып келеді.