Басты бет > Хабарландыру > Бос лауазымдарға конкурс
4
Бос лауазымдарға конкурс

Бос жұмыс орны: Омбудсмен

Жұмыс орны: Ақтөбе қаласы
Мекенжайы: Жұбановтар көшесі, 265, 1-кабинет
Байланыс телефоны: 8 771 119 19 50

Негізгі міндеттері

  • Қызметкерлерге іскерлік этика, еңбек даулары және жанжалды жағдайлар бойынша кеңес беру.

  • Әлеуметтік-еңбек жанжалдарын реттеуге және өзара қолайлы, сындарлы әрі іске асырылатын шешімдер табуға жәрдемдесу.

  • Бейтараптық пен құпиялылық қағидаттарының және Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету.

  • Еңбек қатынастарына қатысты жүйелі мәселелерді анықтау және оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  • Корпоративтік этика стандарттарын сақтау мәселелері бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелермен және лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау.

  • Атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша есептер дайындау және ішкі рәсімдерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу.

Үміткерге қойылатын талаптар

  • Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Білімнің басым бағыттары: құқық, бизнес және басқару, менеджмент, персоналды басқару, психология немесе әлеуметтану.

  • Жұмыс тәжірибесі: басшылық лауазымдарда, персоналды басқару, медиация немесе заңгерлік практика саласында кемінде 3–5 жыл жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн.

  • Іскерлік беделі: мінсіз іскерлік бедел, жоғары қоғамдық және кәсіби бедел, объективті әрі бейтарап шешімдер қабылдау қабілеті.

  • Кәсіби білімі: Қазақстан Республикасының еңбек және білім беру заңнамасын, жанжалдарды басқару, медиация және іскерлік этика негіздерін білу.

  • Кәсіби дағдылары: аналитикалық ойлау, мәселелерді анықтау және талдау, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, жанжалдарды реттеу және іскерлік коммуникация жүргізу дағдылары.

  • Жеке қасиеттері: жауапкершілік, ұқыптылық, тәртіптілік, көшбасшылық қасиеттер, объективтілік, принципшілдік және күйзеліске төзімділік.

Қосымша ақпарат

Омбудсмен Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалады және белгіленген тәртіпке сәйкес екі жыл сайын қайта сайланады.

Өз қызметінде омбудсмен тәуелсіз пайымдау, объективтілік, құпиялылық және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау қағидаттарын басшылыққа алады.

Үміткер қызметкерлердің өтініштерін қарауға, еңбек дауларын шешуге жәрдемдесуге және корпоративтік этиканы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге дайын болуы тиіс.

Кәсіби дағдылар

  • Заңнамадағы өзгерістер мен нормативтік реттеу талаптарына мониторинг жүргізу.

  • Құқықтық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік-еңбек мәселелерін талдау.

  • Тұжырымдамалар, бағдарламалар, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.

  • Заңнамалық, басқарушылық және іскерлік үрдістерді қадағалау.

  • Талдамалық материалдар мен есептер дайындау.

Тілдерді білуі

  • Қазақ тілі — жоғары деңгей.

  • Орыс тілі — жоғары деңгей.