Басты бет > Хабарландыру > Go Global бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды
4
Go Global бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды

Халықаралық ынтымақтастық департаменті 2025-2026 оқу жылының I жартыжылдығына арналған Go Global академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Оқу орны: Хериот-Уотт университетінің Эдинбург, Малайзия кампустарында білім алу мүмкіндігі
Қатысушылар: Тек Хериот-Уотт кампусының 2 курс студенттері (грант және ақылы негізде оқитындар)
GPA талабы: 3.00 және одан жоғары
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 1-10 сәуір
Құжаттарды тапсыру орны: Технопарк, 3-қабат, 21-кабинет (өз факультетіңіздің декан орынбасарына тапсырасыз)

Go Global қаржыландыруына не кіреді:

Ұшу билеттері (бару-қайту)
Тұру (проживание)
Медициналық сақтандыру
Виза рәсімдеу шығындары

Студенттер тек күнделікті шығындарын, яғни тамақ, жол жүру және жеке қажеттіліктерін өздері қамтуы қажет.

Толықтай қаржыландырылатын бұл конкурсқа үміткер ретінде барлық студенттер (грантта немесе ақылы негізде оқитын) қатыса алады.

🔗 Толық ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық департаментінен алуға болады.
Арманыңды жүзеге асырып, халықаралық білім алмасуға қатысу мүмкіндігін жіберіп алма!