Басты бет > Хабарландыру > Бос жұмыс орындарына конкурс
4
Бос жұмыс орындарына конкурс

«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы төмендегі бос лауаздарға конкурс  жариялайды:

 

Бос жұмыс орындары туралы ақпарат

 

Лауазым атауы

Бірлік

1

Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс кафедрасының меңгерушісі

1

2

Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының меңгерушісі

1

3

Мұнай-газ ісі кафедрасының меңгерушісі

1

 

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында  білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірмелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  1. Жиырма бес жастан кіші;
  2. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық жасаған;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  4. медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға қағаз және электрондық тасығышта мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Белгіленген нысандағы өтініш;
  2.  конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. конкурсқа қатысушының 3х4 үлгідегі түрлі-түсті фотосуреті бар қызметтік тізімі;
  4. білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері және тексеру үшін түпнұсқалары;
  5. жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;
  6. №075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
  7. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психо-неврологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
  8. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
  9. қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқ екенін растайтын құжат.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде университет сайтында бекітілген «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми-қызметкерлердің лауазымдарына конкурстық орналасу ережесіне сәйкес құжаттарды ұсынады:

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары және т.б.) ұсына алады.

Кафедра меңгерушісі лауазымына қойылатын талаптар:  жоғары білім, ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы (ерекше жағдайларда академиялық магистр дәрежесі), менеджмент саласында немесе ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі және білім беруді басқару саласындағы біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қабылданады.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Кәсіпорынның мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263. Персоналды басқару департаментіне (1 кабинет) өткізу қажет. Тел. 8 707 841 66 51, 8 775 431 35 75.