
Erasmus+project KA171 - Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды
Құрметті студенттер!
Стратегиялық және халықаралық даму департаменті Erasmus+ KA171 халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Испаниядағы Малага университетінде (Малага, Испания) білім алуға конкурс жариялайды. Ұтқырлық 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне (5 айға) жоспарланған. Университет тарапынан 1 гранттық орын бөлінген, шәкіртақы мөлшері – айына 850 еуро.
Қатысу талаптары:
- GPA – 3.33-тен төмен емес;
- Ағылшын тілін меңгеру (IELTS, TOEFL, Duolingo сертификаты немесе институционалдық тест нәтижесі);
- Академиялық қарыздардың болмауы;
- Ғылыми және мәдени іс-шараларға белсенді қатысу;
- Бұрын Erasmus+ бағдарламасына қатыспаған болуы;
- Бакалавриат студенттері үшін – 2–3 курс;
- Магистратура студенттері үшін – 1 курс.
Білім беру бағдарламалары:
Бакалавриат:
- Электроэнергетика
- Туризм
- Компьютерлік инженерия
- Математика
- Химия
- Химия (IP)
- Бизнес әкімшілендіру
- Менеджмент
- Экономика
- Құқықтану
- Маркетинг
- Дене шынықтыру және спорт
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Шетел филологиясы
- Аударма ісі
- Психология.
Магистратура:
- Экономика
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Шетел филологиясы
- Аударма ісі.
Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 6 қазанға дейін.
Өтінімдер факультет үйлестірушілеріне тапсырылады. Қосымша сұрақтар бойынша Стратегиялық және халықаралық даму департаментіне жүгінуіңізге болады.