
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталды
Стратегиялық және халықаралық даму департаменті 2025–2026 оқу жылының ІІ жартыжылдығында шетелдік жоғары оқу орындарында оқу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды.
Конкурсқа бакалавриаттың 2–3 курс студенттері мен магистратураның 1 курс студенттері қатыса алады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар хатта толық көрсетілген.
Құжаттар 2025 жылғы 13 қазанға дейін қабылданады.